2022 жылғы 20қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2022 жылғы22 қыркүйектегі

№65/538қаулысымен бекітілген

 

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары 

1.     Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды  ұсыну.
  Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарыСайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2022 жылғы 23 қыркүйектебасталадыжәне 11 қазандажергілікті уақыт бойынша сағат он сегіздеаяқталады.(55-б.,66-1б.)
2.       Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2, 3-тармақтарында, 41-бабы 2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.
  Орталықсайлаукомиссиясы.Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының  кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірмені кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмі туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын  құжатпен біргеұсынылған кезден бастап бес күннің ішінде.                                                                                  (54-б.)
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.
  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары.Сайлау тағайындалғаннан кейiн он  күннен кешіктірмей-2022 жылғы2қазаннан кешіктірмей.(13-б. 4-т.)
         4. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын,  учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.
 
Тиісті әкімдер.Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.Сайлау тағайындалғаннан кейiн онбес күннен кешіктірмей –2022 жылғы7 қазаннан кешіктірмей.(17-б. 2-т., 23-б.5-т.)
5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу.
  Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің  ұсынуы бойынша.Ұсыным келіп түскен сәттен басталып, дауыс беретін күнге бес күн қалғанда – 2022 жылғы14қарашадажергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.(20-2-б. 2-т., 3-т., 4-т.)
6.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

  Аумақтықсайлаукомиссиялары.Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап.                                                                                                                                                        (14-б. 2-1) т.)
7. Қолқоюпарақтарын беру.                           
  Орталықсайлаукомиссиясы.    Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей.(56-б. 3-т.)
8. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу.
  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары.Уәкілетті мемлекеттік органдар.Қол қою парақтары тапсырылған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде.(56-б. 7-т.)
9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру.
  Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).Кандидат тіркелгенге дейін.     (59-б. 2-т.)

10. ҚазақстанРеспубликасыныңПрезиденттігінекандидаттардытіркеу.
  Орталықсайлаукомиссиясы.Кандидаттар барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін басталады және 2022 жылғы21қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.(59-б. 1-т., 4-т., 5-т., 66-1-б.)
11. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау.
  Орталықсайлаукомиссиясы.Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей.(59-б. 7-т. 1) т.)
12.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
  Орталықсайлаукомиссиясы.Кандидат тіркелгенненкейін.                                                                                      (34-б. 6-т.)
13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған активтері мен міндеттемелерітуралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.                                     
  Мемлекеттік кірісоргандары.Кандидат тіркелгенкүнненкейін он бес күнніңішінде. (59-б. 2-т.)
14. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі.   
 
Бұқаралық ақпарат құралдары.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталғанға дейінгібес күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 16 қазаннанкешіктірмей.                                               (28-б. 3-т.)
 
15. Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру.
  Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.Сайлау тағайындалған сәттен бастап  2022 жылғы 21 қазанға дейін.(28-б. 6-т.)
         16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
  Тіркеу мерзімі аяқталған кезден2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіздебасталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша  нөл сағатта аяқталады (2022 жылғы 19қарашада сағат нөлде аяқталады).(27-б. 2-т., 66-1-б.)
         17.Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру.
  Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.Аумақтық сайлау комиссиялары.Сайлау алдындағы үгітке дайындық барысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.(28-б. 4-т.)
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына ұсыну.
                      Тиісті әкімдер.                      Дауыс беретін күнге жиырма күн қалғанда – 2022 жылғы30 қарашада(24-б., 5-т.)
19.   Сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.
  Учаскелік сайлау комиссиялары.Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда – 2022 жылғы 4қарашадан кешіктірмей.(26-б. 1-т.)
20. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу.
  Аумақтық сайлау комиссиялары.            (38-б. 1-т.)
21. Дауыс беру уақыты мен орнытуралысайлаушылардыхабардар ету.
Учаскелік сайлау комиссиялары.Дауыс беру өткізілетін  күнге дейін он күннен кешіктірмей –2022 жылғы 9 қарашадан кешіктірмей.                       (38-б. 2-т.)
22.  Сайлаубюллетеньдерінучаскеліксайлаукомиссияларынажеткізу.
  Аумақтық сайлау комиссиялары.Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және кемінде бір күн бүрын–2022 жылғы 17қарашаданерте емес және 19қарашаданкешіктірмей.                                                                        (37-б. 3-т.)
23.  Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау.
  Учаскеліксайлаукомиссиялары.Дауыс беру басталарданбірсағатбұрын.                                                                             (40-б. 1-т.)
24.   Дауыс беруді өткізу.
  Учаскеліксайлаукомиссиялары.Сайлаукүні, 2022жылғы20 қарашада, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00 сағатқа дейін.                                                                  (38-б.1-т.)
         25.  Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жасау.
  Учаскелік сайлау комиссиялары.2022 жылғы 20 қарашада, егер дауыс беру уақыты өзгермесе,  жергілікті уақыт бойынша жиырма сағатта басталады және дауыстарды санау басталғаннан кейін он екі сағаттан асырмай жүргізіледі. (43-б.)
26.Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.
  Учаскелік сайлау комиссиялары.Хаттамаға қол қойылғаннан кейін –дереу..                                                                                (43-б. 8-т.)
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына тапсыру.
  Учаскелік сайлау комиссиялары.Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.(18-б. 8) т., 43-б.)
         28. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына тапсыруы.
  Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары.Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.                                                                 (62-б.1-т.)
29.  Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына тапсыруы.
  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары.Хаттама жасалған күннен бастап екі күннен аспайтын мерзім  ішінде – 2022 жылғы22 қарашадан кешіктірмей жолданады.(62-б. 1-т.)
30.  ҚазақстанРеспубликасыПрезиденті сайлауының қорытындыларын анықтау.
  Орталықсайлаукомиссиясы.Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн мерзімненкешіктірмей – 2022 жылғы27қарашаданкешіктірмей.(12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 3-т., 65-б. 1-т.)
         31. Сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу.
  Орталықсайлаукомиссиясы.Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзім ішінде – 2022 жылғы27 қарашадан кешіктірмей.(45-б., 66-б. 1-т.)
         32. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындылары туралы  хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
  Орталықсайлаукомиссиясы.Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей –2022 жылғы 30 қарашаданкешіктірмей.(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)
         33. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
  Орталық сайлаукомиссиясы.Сайлау қорытындылары  жарияланғаннан кейін он күнішінде.                                                                         (34-б. 4-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  нормаларына сілтемелер берілді.

2022 жылғы 20қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
01 октября 2022