Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет кірістер бойынша 6326,4 миллион теңгені, шығындар бойынша 6473,3 миллион теңгені құрайды.
Жарты жыл ішінде Железин аудандық бюджетінің кірістері нақтыланды және 9,3 %-ға немесе 540,5 миллион теңге сомасына ұлғаю жағына түзетілді, оның ішінде 473,5 миллион теңге сомасына трансферттер бөлу есебінен, 67,0 миллион теңге сомасына өз кірістерінің ұлғаюы есебінен.
Тиісінше, шығындар 687,4 миллион теңге сомасына, оның ішінде 146,9 миллион теңге сомасына немесе 11,9 % -ға бос қалдықтарды пайдалану есебінен өсті.
Аудан бюджетінің кіріс бөлігі. Железин ауданының бюджеті жарты жылдың кірістері бойынша 101,8%-ға орындалды, түзетілген бюджет кезінде 3014,9 млн.теңге түсімдердің орындалуы 3067,9 млн. теңгені құрады, асыра орындау 53,0 млн. теңгені құрады.
млн.тенге
|
Атауы |
2022 жылғы 01 шілдедегі жоспары |
2022 жылғы 01 шілдедегі факті |
орындалу % |
Ауытқу |
|
Меншікті кірістер(салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсімдер ) |
638,8 |
675,4 |
105,7 |
+36,6 |
|
Трансферттер түсімі |
2330,6 |
2330,6 |
100,0 |
0 |
|
Бюджеттіккредиттердіөтеу |
8,7 |
25,1 |
288,5 |
+16,4 |
|
Қарыздар түсімі |
36,8 |
36,8 |
100,0 |
0 |
|
Барлығы |
3014,9 |
3067,9 |
101,8 |
+53,0 |
Ауданның меншікті кірістер. Меншікті кірістердің құрылымында ең үлкен үлес салық түсімдері алады–95,6% (646,0 млн. теңге), салықтық емес түсімдер0,8% құрайды (5,3 млн. теңге).
Жеке кірістер 105,7%-ға орындалды, жоспар бойынша 638,8 млн.теңге болса, 675,4 млн.теңге түсті немесе асыра орындау 36,6 млн. теңгені құрады, келесі салықтар есебінен:
- жеке табыс салығы бойынша 23,7 млн. теңге, оның ішінде 21,8 млн. теңге бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту және білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек демалысын төлеу есебінен, жылжымайтын мүлікті сатуды жүзеге асырған салық төлеушілердің мүліктік табысын төлеу есебінен 1,9 млн. теңге;
- бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту және білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек демалысын төлеу есебінен әлеуметтік салық бойынша 5,5 млн. теңге;
- жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша жер төлемдері үшін салық төлеушілердің ағымдағы төлемі есебінен 3,8 млн. теңге;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 2,7 млн. теңге, оның ішінде ММ-не бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан 2,0 млн. теңге, жер учаскелерін сатудан 0,7 млн. теңге.
Меншікті кірістердің өсу қарқыны.
млн.тенге
|
Атауы |
2021 жылғы 01 шілдеге арналған факт |
2022жылғы 01 шілдегеарналған факт |
Өсу қарқыны, % |
Ауытқу |
|
Салықтық түсімдер |
490,4 |
646,0 |
131,7 |
+155,6 |
|
Табыс салығы |
201,1 |
338,0 |
168,1 |
+136,9 |
|
Әлеуметтік салық |
144,7 |
107,6 |
74,4 |
-37,1 |
|
Меншікке салынатын салықтар |
130,9 |
190,6 |
145,6 |
+59,7 |
|
Ішкі салықтар |
12,1 |
8,6 |
71,1 |
-3,5 |
|
Басқа салықтар |
0,3 |
0,0 |
0,0 |
-0,3 |
|
Міндетті төлемдер |
1,3 |
1,2 |
92,3 |
-0,1 |
|
Салықтық емес түсімдер |
80,7 |
5,3 |
6,6 |
-75,4 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсімдер |
3,3 |
24,1 |
730,0 |
+20,8 |
|
Барлығы меншікті кірістер |
574,4 |
675,4 |
117,6 |
+101,0 |
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 1 жартыжылдығының меншікті кірістердің өсу қарқыны 101,0 млн. теңге мөлшерінде құрады немесе 117,6%, соның ішінде:
-салықтық түсімдер155,6 млн.теңгеге көбейді немесе өсу қарқыны 131,7% құрады;
- салықтық емес түсімдер 75,4 млн.теңгеге азайды немесе өсу қарқыны жоқ, 2021 жылы көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің болмауына байланысты өнім берушіден бюджет қаражатын қайтару есебінен;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 20,8 млн.теңгеге ұлғайды немесе онда өсімнің ДУ орналасқан обьектіні тікелей атаулы сатуды жүзеге асыру есебінен бар.
Бересіні талдау
2022 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша бересі7 543,8 мың теңгені құрады немесе 3 315,6 мың теңгеге азайды 2022 жылғы 01 шілдесімен салыстырғанда. .
Бересінің азаюы 9 БСК бойынша бар, 1087,6 теңге сомаға104401, 104501 БСК бойынша өткен жылдардың бересі өзгеріссіз қалады.
Екі код бойынша 1 087,6 мың теңге сомасына берешекті өтеу жоқ немесе бересі бұрынғы деңгейде қалды:
- 104501 коды бойынша 855,2 мың теңге «Бірыңғай жер салығы» «Озерное» ШҚ борышкері бойынша;
- 104401 коды бойынша 232,4 мың теңге«Заңды тұлғалардын көлік салығы» «Веселая роща» ЖШС бойынша;
Бересінің жалпы үлесінің 43,7% -ы 5 әрекетсіз субъектілердің үлесіне тиесілі, мұнда бересі 3 300,2 мың теңге сомасын құрайды, оның ішінде 1008,2 мың теңге «Ақ бидай» ШҚ бойынша, 987,7 мың теңгеОзерное ШҚ бойынша, 790,8 мың теңге «Веселая роща» ЖШС бойынша, 309,0 мың теңге «Алтын Дән Павлодар» агрофирма ЖШС бойынша, 204,5 мың теңге «Дерипсалы» ЖШС бойынша.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі. 2022 жылдың 1 жартыжылдығына аудан бюджетінің түзетілген шығындары – 6473,3 млн.теңге, оның ішінде:
Трансферттер және кредиттер. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша игеру100% құрады немесе 167,5 млн. теңге сомасына шығындардың орындалуын қамтамасыз ету.
Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша игеру 100% құрады немесе 38,1 млн. теңге сомасына шығындардың орындалуын қамтамасыз ету.
Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферттер бойынша 100% немесе 47,5 млн. теңге сомасына шығындардың орындалуын қамтамасыз ету.
Кепілдік берілген Ұлттық қордан берілген нысаналы трансферттер бойынша 100% немесе 62,1 млн. теңге сомасына шығындардың орындалуын қамтамасыз ету.
Жергілікті бюджеттің шығыстары бойынша игеру 100% құрады немесе жоспар бойынша 2444,3 млн. теңге игеру 2444,2 млн. теңгені құрады.
Железин ауданының бюджеті шығыстар бойынша 100% -ға орындалды, есепті кезеңге жоспар бойынша 2759,5 млн. теңге, нақты орындалуы 2759,3 млн. теңгені құрады немесе орындалмауы 0,2 млн. теңгені құрады.
млн.теңге
|
ФГ |
Атауы |
2022 жылғы 01 шілдеге арналған түзетілген бюджет |
2022 жылғы 01 шілдеге арналған кассалық орындалуы |
% |
|
01 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
199,4 |
199,3 |
99,9 |
|
02 |
қорғаныс |
21,7 |
21,7 |
100 |
|
06 |
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету |
214,7 |
214,7 |
100 |
|
07 |
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық |
3,0 |
3,0 |
0,0 |
|
08 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
275,3 |
275,2 |
100 |
|
10 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
28,2 |
28,2 |
100,0 |
|
12 |
Көлік және коммуникациялар |
110,2 |
110,2 |
100 |
|
13 |
Басқалар |
52,8 |
52,8 |
100 |
|
14 |
Борышқа қызмет көрсету |
16,3 |
16,3 |
100 |
|
15 |
Трансферттер |
1837,9 |
1837,9 |
100,0 |
|
Барлығы шығындар бойынша |
2759,5 |
2759,3 |
100,0 |
Жалпы сомасы371,6 млн.теңгеге 7 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламалары (оның ішінде кепілдендірілген ҰҚ-304,3 млн.теңге, ЖБ-67,3 млн.теңге). 1 жартыжылдықта орындалуы 100 % құрады немесе есепті кезеңге жоспар бойынша 38,5 млн. теңге, нақты орындалуы 38,5 млн. теңгені құрады.
Жергілікті бюджет есебінен 2 инвестициялық жоба іске асырылды:
ауылдарында шағын футбол алаңын құру» 26,8 млн. теңге сомасына;
Жергілікті бюджеттен 4 инвестициялық жобаны іске асыру барысында:
-«Павлодар облысы, Железин ауданы, Ақтау, Еңбекші, Мыңкөл ауылдарында шағын футбол алаңдарын құру» 40,3 млн. теңге сомасына.
-«Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылында жылу желілері мен құрылыстарды қайта құру» 0,2 млн.теңге сомасына.
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт есебінен 304,3млн. теңге сомасына 1 инфевтициялық жоба жоспарланған.
1 жоба - «Павлодар облысы, Железин ауданы, Моисеевка ауылында жеңілдетілген су құбырының құрылысы».
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік мекеменің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы есептер бойынша аудан бойынша 4 әкімші бойынша 4325,4 мың тенңге сомасында кредиторлық берешек бар. (оның ішінде, аудан аппараатының мәслихаты – 301,3мың теңге, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 645,6 мың теңге, Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі - 4,8 мың теңге, экономиканың нақты секторы бөлімі – 3373,7 мың теңге);
Дебиторлық берешек4 әкімшіден3564,5мың теңгені құрады (соның ішінде, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі – 22,3 мың теңге, Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі - 51,8мың теңге, Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі – 0,1 мың теңге, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 3490,3 мың теңге).