«Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 32/1 қаулысы жойылсын.
  3. «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

осы қаулыны Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдаудықамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудан әкімі                                                                А.Шайхимов

Дата публикации
15 августа 2022