Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Павлодар облысының Железин ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының ставкаларын арттыру туралы» № 313/6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШТІМ:

  1. Павлодар обласы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Павлодар облысының Железин ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының ставкаларын арттыру туралы» № 313/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                           А.Шайхимов

Дата публикации
20 июля 2022