Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3- бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған Железин ауданының көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Железин ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.