2022 жылғы 11 мамырда Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, «2022 жылғы 22 мамырға тағайындалған Железин ауданы Ақтау ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Отырыста комиссия төрағасы Ж.Ж. Асаинов 2022 жылғы 11 мамырда сағат 18-00-дегі жағдай бойынша ұсынылған 3 кандидаттың 3 тіркелгені туралы хабарлады. Барлық кандидаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Олардың ішінде 2 (67%) - әйел, 1 (33%) - ер адам. Үміткерлердің орташа жасы-37 жас. Ең үлкен кандидат – 40 жаста, ең жас – 36 жаста.
Мамандықтар бойынша кандидаттар: 2 – мұғалім, 1-заңгер.
Кандидаттар арасында: 2 – мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 1 – мемлекеттік қызметкерлері.
11 мамыр күні сағат 18-00-ден бастап Ақтау ауылдық округ әкіміне тіркелген барлық кандидаттар 2022 жылғы 21 мамыр күні сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» № 12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан - 15 минут; радиодан - 10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған. Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тең шарттарға кепілдік беріледі.
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы( кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері
|
|
Ақтау ауылдық округі |
||
|
Булатов Амангельды Нуржанович |
1986 |
"Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Железин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ, спорт ғимаратының меңгерушісі, Железинка а. |
|
Малаева Айслу Нагматовна |
1986 |
"Павлодар облысы Железин ауданының білім беру бөлімінің № 1 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ, ағылшын тілі мұғалімі, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Железинка а. |
|
Орынтаева Жанар Жанбутановна |
1982 |
"Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, әкім, Ақтау а. |