Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларында:
7-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда:
жетім балалар;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы екінші тоқсанның ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір есе мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасының қатарындағы балалар;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтар (отбасылар)»;
7-тармақтың 11) тармақшасы екінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«мүмкіндігі шектеулі барлық санаттағы мүгедек адамдар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасылар»;
8-тармақтың 4) тармақшасы екінші абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, 7- тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін»;
7-тармақ:
11) тармақша бесінші абзацпен толықтырылсын «екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар»;
11) тармақша алтыншы абзацпен толықтырылсын «бір жасқа дейінгі балалары бар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж азаматтар (отбасылар)»;
8-тармақ:
2) тармақша он екінші абзацпен толықтырылсын «аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін төленеді»;
4) тармақша алтыншы абзацпен толықтырылсын «7-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде»;
9-тармақ:
бесінші абзацпен толықтырылсын «Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін;
алтыншы абзацпен толықтырылсын «Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде әр балаға 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 11) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін;
8-тармақ 2) тармақша алтыншы абзацы алынып тасталсын.