Ауданның 2022-2024 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
30,6 мың теңге сомасындағы пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтаруға байланысты ағымдағы жылдың 21 ақпанында жүргізілген бюджетті түзету ескерілді.
142,9 млн.теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдығы қайта бөлінді, ол барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен және азаматтардың өтініштерімен есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша мәселелерді шешуге, облыс әкімінің әлеуметтік төлемдер бойынша тапсырмаларын орындауға, тіл саясатын іске асыруға, көше жолдарын жөндеуге және мемлекеттік органдардың өзге де ағымдағы шығыстарына бағытталған.
Сондай-ақ аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 6271,2 млн.теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 95/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2022 жылғы 25 сәуір - 30 сәуір аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.