Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 078 721 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 968 296 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 85 625 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 787 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 016 013мың теңге;
2) шығындар – 6 271 194мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 53 212 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 77 188 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 976 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 23 480 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 23 480 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 269 165 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 269 165 мың теңге.»;
2) 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2022 жылға арналған аудан бюджетінде ауылдық округтардың бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер келесі көлемінде ескерілсін:
100 812 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бойынша іс-шараларды іске асыруға;
14 510 мың теңге – ауылдық елді мекендерді су жабдықтаумен қамтамасыз етуге арналған;
15922 мың теңге – мемлекеттік органның күрделі шығыстарына арналған.»;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Железин аудандық мәслихатының хатшысы |
|
П. Лампартер |