«Железин ауданы Железин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы «Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы № 230-5/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Шешімнің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді.

         Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Железин ауылдық округінің аумағында ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуді ұйымдастыру болып табылады.

         Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
         Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған 05.04.2022 жыл.

Дата публикации
06 апреля 2022