Железин ауданы Новомир ауылдық округі әкімінің «Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы «Железин ауданы Новомир ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы № 234-5/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 707 қаулысы негізінде әзірленді.

         Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Новомир ауылдық округінің аумағында ауыл, кент, ауылдық округ, шағынаудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуді ұйымдастыру болып табылады.

         Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
         Шешім жобасы «Электронды қүкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2022 жылғы  06.04. орналастырылған.

Дата публикации
06 апреля 2022