Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы «Железин ауданы Новомир ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 234-5/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Железин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы № 234-5/30 «Железин ауданы Железин ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4189 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Железин ауданы Новомир ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Железин аудандық мәслихатының

шешіміне қосымша

"___"________2022 жылғы

№______

 

Железинка аудандық мәслихатының

2014 жылғы 5 қарашадағы

№ 234-5/30 шешімімен

Бекітілген

 

Железин ауданы Новомир ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Железин ауданы Новомир ауылдық округінің аумағында Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Железин ауданы Железин ауылдық округінің аумағында ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шаын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Новомир ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Новомир ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
  4. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Новомир ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары немесе Железин ауданы әкімінің https://www.gov.kz/ сайты арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды. 
  5. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Новомир ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

         Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Новомир ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

         Новомир ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

         Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Железин ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Новомир ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Дата публикации
06 апреля 2022