Железин с. 2022 жылғы 21 қаңтар
Өткізу уақыты: сағат 15-00
Өткізу орны: Железин ауданы әкімдігінің үлкен залы
Төрағалық етті: «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Оспанова М.К.
Присутствовали: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Железин ауданы бөлімінің, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының өкілдері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қызмет алушылар.
Күн тәртібі
2021 жылдың 12 айында "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау.
«Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Оспанова М.К.талқылау есепті ашты және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылау жүргізетінін түсіндірді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Күн тәртібінің мәселесі бойынша бөлімнің бас маманы Л. Е. Солодухина сөз сөйледі, ол барлық қатысушыларды "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ 2021 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, "Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен, яғни Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен көрсетіледі.
2021 жылы 33 маман 100 АЕК немесе жалпы сомасы 8334,0 мың теңгеге 291700 теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алды. 20 маман жалпы сомасы 77188,0 мың теңгеге бюджеттік несие алды.
2021 жылғы 12 ай ішінде қызмет алушылардан шағым болған жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жоқ.
Жария талқылаулардың соңында "Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысы қатысушыларға есепті талқылауды және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстармен сөз сөйлеуді ұсынды.
«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Железин ауданы бөлімінің басшысы Е. М. Нұрахметов сөз сөйледі, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізутұрақты түрде жүргізуді ұсынды.
Азаматтарға Көрсетілетін қызметті алушылардан және мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстартүскен жоқ.
Жария талқылау қорытындысы бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында: