«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін ашық талқылау

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Ашық талқылаулар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2021 жылы 20 мемлекеттік қызмет түрі бекітілді, оның 17-і бөліммен тікелей көрсетілді және 3-і "Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы"КММ ведомстволық бағынысты мекемесімен көрсетілді.

Есепті жылы 6799 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 6746 - қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді, бұл 99,2% құрайды және 53 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді- 0,64 %.

Есепті жылы қызмет алушылардан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер түскен жоқ.

Бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне тұрақты бақылау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

Тоқсан сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.

Есепті кезеңде бөлімнің 2 маманы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар, сондай-ақ компьютермен, сканермен, принтермен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.

Дата публикации
24 марта 2022