Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Осылайша, «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ (қызметі Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2020 ж. 26.08. № 257/3 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады) ветеринария, техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін қабылданған және жоспарланған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бөлім қызметіне талдау жүргізді. Жария талқылаулар сияқты аналитика да көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетті.
2021 жылы барлығы 645 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлік беру» - 107;
2) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру» - 256 ;
3) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай - ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» - 25;
4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай - ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» - 257;
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, 2021 жылы «Родные просторы», «Туған өлке» газеттерінде 12 жарияланым орналастырылды.
Железин ауданы әкімі аппаратының сайтында бас маман А. Нуралинов өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы мақала жариялады.
Instagram режимінде-тікелей көрсетілім бөлім басшысы Б.К. Кантарбаев 2021 жылы 02.02. тікелей эфирлер өткізді тақырыбы: «АШТӨ үшін субсидиялау»;
2021 ж. 28.02. тақырыбы: «Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы";
2021 ж. 18.03. тақырыбы: «БЖК-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру», ЭПВ, Еңбек»;
2021 ж. 31.03. тақырыбы: «Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар».
2021 ж. 02.02. тақырыбы: «АШТӨ үшін субсидиялау»;
2021 ж. 28.02. тақырыбы: «Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау туралы»;
2021 ж. 18.03. тақырыбы: «БЖК-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру», ЭПВ, Еңбек;
2021 ж. 31.03.тақырыбы: шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар.
2021 ж. 15.07. тақырыбы: «АШТӨ-дегі субсидиялар»;
2021 ж. 11.07. «ADAL KÓMEK» жобасы шеңберінде тақырыбы: «Мал шаруашылығын субсидиялау»;
2021 ж. 12.10. тақырыбы: «АШТӨ үшін субсидиялау»;
2021 жылы 24.07. кәсіпкерлік секторының меңгерушісі Е.У. Кабиевпен ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» тақырыбы тікелей көрсетілім өткізілді.
2021 жылы 08.10. «ADAL KÓMEK» жобасы аясында ауыл шаруашылығы секторының меңгерушісі К.Б. Байгиреев «Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу» тақырыбымен тікелей көрсетілім өткізді.
«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтер аудан әкімдігінің ғимаратында көрсетіледі, онда «Ашық әкімдік ореп Zhelezinka» кеңсесі құрылған, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары екі тілде орналастырылған ақпараттық стенд бар.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Осыған байланысты ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі бар.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.