"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Ашық талқылаулар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес ауданның экономиканың нақты секторы бөліміне 2021 жылы 10 мемлекеттік қызмет түрі бекітілді:
- Қазақсан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай нақтылау бойынша анықтама беру;
- Кезекке және есепке қою;
- Жобалауға арналған сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын беру ;
- Эскизды (эскизды жобаны) келісу;
- Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кещеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру;
- Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру.
2021 жылдың кезеңінде 331 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің 331 жалпы санынан қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 112 қызмет көрсетілді, бұл 37% құрайды және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 195 қызмет көрсетілді - 63 %.
Есепті кезеңде ең сұранысқа ие қызметтер:
- Қазақстан Республикасының аумағында мекен-жай нақтылау бойынша анықтама беру – 186 қызмет;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй беру туралы – 84 қызмет.
Есепті жылы қызмет алушылардан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер түскен жоқ.
2021 жылығ «Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметтер істері бойынша Департаменті» ММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында ескерту және бұзышылық анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету бойынша кепілдемелер берілді.
Ай сайын және әр тоқсан сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы және көрсетілген қызмет бойынша есеп ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар жариялау жолымен халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар, сондай-ақ компьютермен, сканермен, принтермен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.