"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ 2021 жылы Мемлекеттік қызметтің 10 түрін көрсетті, олардың 2-уі сұранысқа ие болып табылады.
2021 жылы барлығы 366 мемлекеттік қызметке жүгінді, оның ішінде:
1) "жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" - 316;
2) "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" - 1.
3) "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" бойынша – 36;
4)" іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру " - 2;
5)" ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру " бойынша - 11.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және бөлімнің интернет ресурстарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
"Ашық әкімдік" жобасын іске асыру мақсатында Железин ауданы әкімдігінің ғимаратында бөлім маманы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыны қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер мен түсініктемелер береді.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Алайда, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету бойынша проблемалар әлі де бар.
"Электрондық үкімет" порталымен, атап айтқанда е-лицензиялау базасымен жұмыс барысында "Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" - 2-кезең сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша проблемалар туындайды. Өтінім сұралып отырған жер учаскесінің аумағы бойынша ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына түскен кезде өтініш жер учаскесін беру туралы өкімнің жобасын дайындау үшін жер қатынастары бөліміне жіберіледі, бұл Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бөлімнің құзыретіне кірмейді.
Сондай-ақ, қызмет алушыларда "жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге сенімхат бойынша өтінім беру кезінде проблемалар туындайды.