Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау қорытындысы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

      Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 25 маусымдағы «Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің № 193 бұйрығына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шақырады және оның мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрлі үлгілік нысаны бар:

      1)»Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

      2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

      3) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

      4) «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»

      5) «Жер учаскесін алуға кезекке қою»

      «Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылы мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетті.

      2021 жылы барлығы 65 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

      1) Железин ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалының «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау» қызметі – 14 рет көрсетілді.

      2) «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 51 қызмет.

      Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттандыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету және алу тақырыбына материал тарату бойынша акция өткізілді.

      ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. «Железин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шақыру түймесі, пандус бар.

      Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.110 дана көлемінде парақшалар таратылды.

      Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, принтермен, веб-камерамен жабдықталған.

      Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
24 марта 2022