Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңының 23 бабына сәйкес,аудандардың жергілікті атқарушы органдары,селолық округтің әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет берушілер,мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепті көпшілікте талқылауды өткізіп отырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.
Көпшілік талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 39/НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Железин ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2021 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетті.
2021 жылы барлығы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) «Сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 8 қызмет;
2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1 қызмет;
3) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0 қызмет;
4) «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» - 0 қызмет;
5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0 қызмет.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ақпараттық стенд, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар олкомпьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған. Өзіне-өзі қымет көрсету бұрышы арқылы 36 қызмет көрсетілді, 15 дана парақшалар таратылды.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ ҚР заңнамасында олқылықтар анықталған жоқ.