Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығына сәйкес
Ауылдық округ әкімдігімен мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі:
1) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
4) жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату;
5) жер учаскесін алуға кезекке қою;
Ауылдық округ әкімдігімен тексерілген кезеңде көрсетілген қызметтер: 2021 жылы –4 мемлекеттік қызмет, 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушыдан 1 өтініш.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.80 дана көлемінде парақшалар таратылды.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Есептік кезеңде 322 қызмет көрсетілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.