Ақтау ауылдық округі әкімінің қызметі туралы есебі 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласында жария талқылауды өткізу қорытындылары

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

 

       Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

 

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Железин ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен 2021 жылы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті.

       2021 жылы барлығы мемлекеттік қызметтерге 1 адам жүгінді, оның ішінде:

1) «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 1.

2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0.

3) «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп - бөліп сату» - 0.

4) «Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 0.

5) «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0.

      Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

       Ауылдық округ әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, ол компьютермен, принтермен және картридждермен жабдықталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

       Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Дата публикации
24 марта 2022