Железин ауданы әкімдігінің «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысының жобасына Баспасөз релиз

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабы, 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес әзірленді.

Осы қаулының жобасы нормативтік құқықтық актілерді сәйкес келтіру мақсатында қабылданады.

Қаулы жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қаулының жобасы «Электрондық Үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде  орналастырылды (2022 жылғы 14 наурыздан бастап 2022 жылғы 31 наурызға дейін).

 

 Железин ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы                                                   М. Оспанова

Дата публикации
14 марта 2022