2022 жылғы 2 наурыздаЖелезин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, «2022 жылғы 13наурызға тағайындалғанЖелезинауданы Новомир ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Отырыста комиссия төрағасы Ж.Ж. Асаинов 2022 жылғы 2 наурыздасағат 18-00-дегі жағдай бойынша ұсынылған 3кандидаттың 3 тіркелгені туралы хабарлады.Барлық кандидаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Олардың ішінде 1(33%) -әйел, 2(67%) -ер адам. Үміткерлердің орташа жасы-42 жас. Ең үлкен кандидат – 52 жаста, ең жас – 35 жаста.
Мамандықтар бойынша кандидаттар: 3 – мұғалім.
Кандидаттар арасында: 1 – мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 2 – мемлекеттік қызметкерлері.
2 наурыз күні сағат 18-00-ден бастап Новомир ауылдық округәкіміне тіркелген барлық кандидаттар 2022 жылғы 12наурыз күні сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» № 12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан - 15 минут; радиодан - 10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған. Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тең шарттарға кепілдік беріледі.
|
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жылы |
Атқаратын лауазымы( кәсібі), жұмыс орны және тұрғылықты жері
|
|
Новомир ауылдық округі |
||
|
АужановЕрланСейтжапарович |
1982 |
Бас маман, «Железин ауданыныңмәдениет, денешынықтыружәне спорт бөлімі» ММ, Железинка а. |
|
Исабеков Аманжол Сейпилмаликович |
1987 |
Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, «Павлодар облысы білім беру басқармасы Железин ауданының білім беру бөлімі» ММ, Железинка а. |
|
Смагулова Гульнара Салыковна |
1970 |
Бас маман, "Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ, Железинка а. |