Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24893 болып тіркелген) сәйкес, 2022 жылғы 13 наурыздағы Новомир ауылдық округі әкімінің алдағы сайлауына байланысты мынадай сайлау учаскелері айқындалды.
Новомир ауылдық округі бойынша:
№ 230 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Церковное ауылы, Ленин көшесі, Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекарасы: Новомир ауылдық округі Церковное ауылының аумағы.