2021 жылдың қорытындысы бойынша Железин ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасының мониторингі бойынша аналитикалық ақпарат

Аудан аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы Железинка аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 4/7 шешімімен бекітілген (бұдан әрі – Бағдарлама).

Жалпы бағдарламаның үш бағыты бойынша 13 мақсат, 16 нысаналы индикатор қарастырылған.

 2021 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар ұсынған жедел есептілік негізінде Бағдарламаның іске асырылуы бойынша  мониторинг жүргізілді.

 

 

1 бағыт: Өңір экономикасының өсуі

 

  • Өнеркәсіп

2021 жылғы қаңтар - желтоқсандағы статистиканың жедел деректері бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3527,9 млн.теңге, НКИ-113,7% (2020 жылдың ұқсас кезеңінде - 2813,2 млн. теңге, НКИ-83,9%.

Өңдеу өнеркәсібі 2909,9 млн.теңге, НКИ–110,9%, оның ішінде тамақ өнімдерінің көлемі– 2837,6 млн. теңгені құрайды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау көлемі– 549,8 млн.теңгені, НКИ-116,3% млн. теңгені, сумен жабдықтау бойынша 37,9 млн. теңгені, НКИ – 104,0% құрайды.

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді 9 қайта өңдеу объектілері  жүзеге асырады. Қайта өңдеу объектілері 23 тонна  ет (шұжықтар және еттен жасалған ұқсас бұйымдар), 2937 тонна жарма (қарақұмық) (127,3%).

 50,0 мың Гкал бу және ыстық су (100,0%), 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 555,2 мың текше метр табиғи су (117,2%) өндірілді.

 

1.2.Инвестициялар

2021 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында инвестицияның жалпы көлемі 8536 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі -114,4 (жедел мәліметтер бойынша, бюджеттік – 441,0 млн.теңге, бюджеттен тыс – 8095,0 млн. теңге).

Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті қаражат басым -95%, 2020 жылы меншікті қаражаттың үлесі 57,1% - ды құрады.

Инвестициялар негізгі қорларды салу, қайта құру, ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, жабдықтарды күрделі жөндеу, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша шығыстарға бағытталды. Келесі ірі жобалар іске асырылды:

- "Пахарь" ШҚ ЖШС 13000 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы, инвестиция көлемі 1055,3 млн. теңге;

 

- "ASTYK – PV" ЖШС Веселая роща ауылында 600 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу, инвестиция көлемі 2 229 млн. теңге;

- "Самұрық және К" ЖШС инвестиция сомасы 203,3 млн.теңге. "4000 тонна көкөніс қоймасын салу" жобасы.

Ауданның шаруашылық жүргізуші субъектілері 4240,0 млн.теңге сомасына 174 бірлік ауыл шаруашылық техникасын сатып алды, оның ішінде өз қаражаты есебінен 1589,4 мың теңге сомасына 84 бірлік техника, 2650,6 мың теңге сомасына лизингке 90 бірлік техника сатып алды.

Железинка ("Каримов" ШҚ), Михайловка ("Нұрғалиева" ШҚ), Захаровка ("Рамазанова" ШҚ) ауылдарының мал сою пункттерін іске қосу есебінен өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 231,2 млн.теңге.

 

 

1.3. Агроөнеркәсіп кешені

 

Ауыл шаруашылығы

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 41 536,2 млн. теңгені немесе 129,9% құрады (2020 жылдың тиісті кезеңіне 25 098,8 млн. теңге немесе 109,9 %)

Өсімдік шаруашылығы бойынша жалпы өнім - 28 649,3 млн. теңгені немесе 149,1% құрайды. Мал шаруашылығы бойынша жалпы өнім 12 867,0 млн. теңгені немесе 104,4% - ды құрайды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мал мен құс саны: ІҚМ – 25,5 мың бас (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,8%), оның ішінде сиыр – 12,7 мың бас 87,5 %), жылқы-10,4 мың бас (104,1 %), шошқа-3,2 мың бас (88,7%), құс -73,7 мың бас (114,4%).

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру  көлемі: ет 7554,6 тонна (өткен жылдың деңгейіне 112,9%), сүт – 34777,2 тонна (98,1%), жұмыртқа 6724 мың дана (78,5%).

 

Өсімдік шаруашылығы:

Жалпы егіс алқабы 184,3 мың гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 126,3 мың га, оның ішінде бидай 88,0 мың га, арпа 21,4 мың га, сұлы 8,1 мың га, қарақұмық 6,3 мың га, тары 1,2 мың га, күздік қарабидай 0,66 мың га, жасымық 0,46 мың га.

Майлы дақылдарды жинау алаңы 24,9 мың га, оның ішінде күнбағыс 15,7 мың га, зығыр 6,7 мың га, рапс 0,68 мың га, қыша 1,5 мың га.

Картоп ауданы 1,7 мың га және көкөністер 0,12 мың га. ағымдағы жылғы жемшөп дақылдары – 29,4 мың га, оның ішінде сүрлемге жүгері 2,0 мың га, біржылдық шөптер – 3,2 мың га, көпжылдық шөптер 13,8 мың га. өткен жылдардағы жемшөп дақылдары-10,4 мың га.

 

Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 190,3 мың тоннаны, майлы дақылдар 23,2 мың тоннаны, картоп 62,0 мың тоннаны, көкөністер 3,1 мың тоннаны құрады.

         Басым дақылдың - бидайдың және басқа да дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 15,0 ц/га, картоп 360,6 ц/га, көкөніс 376,6 ц/га құрады.

 

Суармалы жерлер

2021 жылы Железин ауданы бойынша суармалы учаскелер ауданы – 10148,0 га (2020 жылы 9215,5 га) құрады.

 Жалпы ауданы 1275 га суару бойынша 3 жоба іске асырылды, оның ішінде:

- Приертіс ауылдық округінде 721 га аумақта суармалы учаскені іске қосу бойынша жоба іске асырылды, "Болашақ Агро" ЖШС;

- Железин ауылдық округінде "КАБ" ШҚ ауданы 460 га суармалы учаскеге ИКИ салу жобасы жүзеге асырылды;

- Железин ауылдық округінде "Ж.К. VICTORY" ШҚ ауданы 94 га суармалы учаскеге ИКИ салу жобасы іске асырылды.

 

 

2 бағыт: Жайлы және қауіпсіз аймақ

 

2.1. Тұрғын үй құрылысы

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5015 шаршы метрді құрайды, 2020 жылдың тиісті кезеңіне НКИ 178,9% (2804 шаршы метр НКИ 111,5%).

Железинка ауылында – 2754 ш. м., Жаңа жұлдыз ауылында – 420 ш. м., Церковное ауылында – 29 ш. м., Веселая роща ауылында – 848 ш. м., Алакөл ауылында – 144 ш. м., Уәлихан ауылында – 57 ш. м., Еңбекші ауылында - 29 ш. м., Лесное ауылында – 55 ш. м., Башмашын ауылында. – 16 ш. м., Береговое ауылында -178 ш. м., Екішоқ ауылында – 45 ш. м., Озерное ауылында – 440 ш. м.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5807,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі-2020 жылдың  тиісті кезеңіне 102,1% (5558,6 млн. теңге НКИ 172,5%)

2.2. Сумен жабдықтау

Орталық сумен 16 ауылдық елді мекен (48,5%) қамтамасыз етілген, жергілікті су көздерін – 17 (54,5%) пайдаланады.

2021 жылы Башмашын ауылында су құбыры пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ауданның 9 ауылында (Пятерыжск, Екішоқ, Кузьмино, Разделное, Крупское, Үрлітөбе, Красновка, Славяновка, Груздевка, Дюсеке ауылдары ) КБМ орнатылды.

 

2.3. Жолдар және көлік

 

Аудандағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы - 835 шқ., оның ішінде Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары - 114 шқ., аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 298 шқ., кентаралық жолдар – 232 шқ., және кентішілік жолдар – 191,5 шқ.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 90,0% немесе 268,2 шқ құрайды.

2021 жылы "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен ауданның автомобиль жолдарын орташа жөндеуге жалпы сомасы 2 млрд.101,4 млн. теңге бөлінді. Жалпы ұзындығы 75,5 шқ  жол-жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:

- ұзындығы 14,12 шқ "Кузьмино - Лесное" автомобиль жолын орташа жөндеу 0-8, 28,38-34,5 шм;

- ұзындығы 31 шқ 60-91 шқ "Башмашын - Озерное" автомобиль жолын орташа жөндеу;

-жалпы ұзындығы 17 шқ 16-18 (2 шқ), 33-38 (5 шқ), 50-60 (10 шқ) "Башмашын-Озерное" автомобиль жолын орташа жөндеу;

- ұзындығы 13,36 шқ, 111-124,36 шқ "Башмашын-Озерное" автомобиль жолын орташа жөндеу.

Облыстық бюджет есебінен Железинка ауылындағы Амангелді көшесіне ұзындығы 0,6 шм 11,1 млн. теңге сомасына орташа жөндеу жүргізілді.

 

2.4.Экологиялық жағдай.

Железин ауылдық округі әкімінің аппаратымен 2,5 миллион теңге сомасына 15 контейнер сатып алынды және көп қабатты тұрғын үйлердің аумағына орнатылды

Бес  елді  мекенде- (Ақтау, Михайловка, Железин, Пірертіс және Башмашын) ауылдарында қоқыс тастайтын жерлерді үймелендіру жұмыстары жүргізілді.

 

2.5. Төтенше жағдайлардан болатын залалды барынша азайтуды қамтамасыз ету.

 

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс барлық мүдделі органдармен: аудан бөлімдерінің басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен, ауданның қорғаныс бөлімімен, ауданның ТЖ бөлімімен, ауданның күш құрылымдарымен толық өзара іс-қимылда жүргізіледі.

2021 жылы аудан аумағында тіркелген өрттер саны 31 бірлікті құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда  9-ға азайды .

Ауданда  мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ шалғайдағы Михайловка, Алакөл , Жаңа жұлдыз және Лесной  елді мекендерінде 4 өрт сөндіру бекеті  құрылған . Осы  бекеттердің  жұмыс жасауын  қамтамасыз етуге 19,4  млн.теңге бөлінді және игерілді.

Ауданның су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жағалаудағы жеті елді мекенде суға шомылу маусымына жүзу құралдары мен адамдарды суда құтқару дағдылары бар азаматтарды тарта отырып, құтқару бекеттері құрылды. 2021жылы суда адам өлімі тіркелген жоқ.

         Ауданның 12 елді мекенінде өртке қарсы ерікті құрылымдары бар .

ТЖ органдарымен төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу бойынша кешенді іс – шаралар  жүргізіледі, сондай-ақ АҚ және ТЖ қызметтерінің дайындық деңгейін арттыру және үйлесімділігін жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мақсатында жыл сайынғы командалық-штабтық, тактикалық-арнайы және басқа да оқу-жаттығуларды өткізу қарастырылған.

 

3 бағыт: өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету

3.1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

2021 жылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 1281 адам жүгінді. 1359 азаматты жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, бұл 106.1% - ды құрайды. 1095 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 468 - тұрақты, 627-уақытша жұмыс орындары.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 188-жоспар кезінде 323 адам қатысты, бұл ретте жұмысқа қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу шығыстары республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 71318,0 мың теңгені құрады.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен қысқа мерзімді кәсіптік оқуға (кадрларды қайта даярлауға) 35 жұмыссыз азамат жіберілді, 35 адам оқуын аяқтады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту келесі мамандықтар бойынша жүргізілді:

- "Тракторшылар, комбайндар және басқа да ауыл шаруашылығы жабдықтарының операторлары" - 35 адам жіберілді.

Жыл сайын жұмыс берушілермен ынтымақтастықта жұмыссыз азаматтар үшін 12 айға дейінгі мерзімге жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығындарын ішінара өтей отырып, әлеуметтік жұмыс орындарын құру жүргізіледі.

         Есепті жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 47 адам жұмысқа орналастырылды, осы іс-шараға шығыстар республикалық бюджет есебінен 13030,0 мың теңге және аудандық бюджет есебінен 2241,0 мың теңге сомасында жүргізілді.

2022 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталығында 46 жұмыссыз азамат есепте тұр, оның ішінде 23 әйел, 29 жасқа дейінгі жастар – 17 адам.

Есепті кезеңде тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,5% - ды құрады.

Ағымдағы жылы   атаулы  әлеуметтік  көмек  алушылар  саны 67 отбасын құрады, оның ішінде 323 адам, төлем сомасы-20897,4 мың теңге.

Жыл басынан бері 184,7 мың теңге сомаға 12 отбасы тұрғын үй көмегімен қамтылды, тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2199 теңгені құрайды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жыл басынан бері әлеуметтік көмектің осы түрімен 61823,0 мың теңге сомасына 3031 адам қамтылды.

Есептік кезеңде 56 азаматқа "Нұрлы - Мерей" қоғамдық қоры арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

- үйде күтім көрсету жағдайында 49 адам;

- жартылай стационар жағдайында 7 адам ( мүгедек балалар).

Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау оларды барлық меншік нысанындағы заңды және жеке тұлғаларға бекіту жолымен көрсетіледі.

 

3.2. Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесіне: аудандық орталық аурухананың емханасы, стационар, туберкулезге қарсы кабинет, 4 - дәрігерлік амбулатория, 1 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 25 - медициналық пункт, 4 - жеке дәріхана, 11 - дәріхана пункті, жеке тіс протездеу кабинеті және  аудандық санитарлық эпидемия  басқармасы  кіреді.

Медициналық ұйымдарда 25 дәрігер және 104 орта медициналық қызметкер жұмыс істеуде.

Дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 16,7 (16,0) адамды, орта медициналық персоналмен 69,5 (71,5) адамды құрайды.

Жабдықтау нормативтеріне сәйкес аудандық аурухана 83,4% жабдықтармен, 100% көлікпен жабдықталған.

2022 жылдың 1-ші қаңтарына  қан айналымы, туберкулез және обыр ауруларының азаю байқалады.

3.3. Білім беру

Ауданда 29 жалпы білім беретін мектеп (13 орта, 16 негізгі), 2 балабақша және 26 шағын орталық, балалар өнер мектебі, түзету кабинеті жұмыс істеуде.

Үш ауысымды және апатты мектептер жоқ.

Мектепке  дейінгі білім беру саласында үш жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% қамту сақталды, бір жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 96,2% қамтамасыз етілді (669 баланың 644 қамтылған).

Жалпы орта білім беру жүйесі бойынша оқушылар санының 2020 жылғы 2180 оқушыдан 2021 жылы 2223оқушыға дейін өскені байқалады .

3.4. Мәдениет, спорт және туризм

 

2021 жылы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында Церковное ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені, толық көлемді футбол алаңы бар "Арман" спорт кешені, шаңғы роллер трассасы, тренажер, фитнес және футбол залдары, жасанды жабыны бар 9 шағын-футбол алаңы, 27 спорт залы, 134 жазықтық құрылыстар, 2 хоккей корты бар.

 

3.5.АЕМ дамыту

         33 АЕМ-нің 24 АЕМ шекара маңы болып табылады, оның ішінде 18 ауыл мәртебеге ие (тірек-8, спутниктік -7, стратегиялық-3). 2019 жылдан бастап "Ауыл Ел Бесігі" арнайы жобасы іске асырылуда. Осы жоба  шеңберінде су құбырларын салу, әлеуметтік сала объектілеріне күрделі жөндеу, ауыл жолдардын  орташа жөндеу бойынша жобалар  іске асырылуда.

         2021 жылы "Ауыл Ел бесігі" бағдарламасы аясында үш тірек ауылдық елді мекендерде 10 жоба іске асырылды:

 

Михайловка ауылы:

  1. 1,7 шқ көше жолдарын орташа жөндеу (Суворов көшесі, Парковая көшесі).

2.Жолдарды орташа жөндеу 2,6 шқ. (Куйбышев к-сі, Бауыржан Момышулы к-сі).

 3."Михайловка ЖОББМ" КММ интернат ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.

 

Башмашын ауылы:

1.Жалпы білім беретін мектепті күрделі жөндеу.

2.Шағын орталық ғимаратын күрделі жөндеу.

  1. Башмашын ауылының көше жолдарын орташа жөндеу (5 көше, 2 қиылыс жол). Көшенің ұзындығы 7 шқ 221 м.

 

Церковное ауылы

1."Новомир ЖББОМ" КММ ғимаратын күрделі жөндеу

2.Ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу.

  1. Церковное ауылының көше жолдарын орташа жөндеу 1,33 шқ. (1 Май к-сі, Лесная к-сі, Советов к-сі);
  2. Церковное ауылының көше жолдарын орташа жөндеу 1,55 шқ (Мир, Победа, Ленин к-сі).

 

Сонымен қатар,аудан бюджетінен  келесі жобалар аяқталды:

- Железинка ауылы Квитков көшесіндегі Бейбітшілік алаңын жайластыру;

- Железинка ауылындағы скверді жайластыру;

- Веселая роща ауылындағы көше  жолдарын орташа жөндеу;

- Березовка ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу.

Дата публикации
11 февраля 2022