Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
шешіміне қосымша
Железин аудандық маслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйегі 486/6 шешімімен бекітілген |
Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидалары
Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Железин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - «Железин ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Железин ауданының ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
6) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
2-1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
2-2) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
2-3) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
2-4) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
3-1) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтар;
3-2) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;
3-3) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
4-1) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
4-2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
5) еңбек ардагерлері:
5-1) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
5-2) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:
6-1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
6-2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;
6-3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
6-4) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);
6-5) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;
7-1) зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;
7-2) сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;
8) мүгедектер, атап айтқанда:
8-1) 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;
8-2) 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
8-3) 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
8-4) 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
8-5) кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүмкіндігі шектеулі студенттер;
8-6) 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
8-7) кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);
10) жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін әлеуметтік көмек алған студенттеріне;
11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:
11-1) мүмкіндігі шектеулі барлық санаттағы мүгедек адамдар, көп балалы отбасылар (ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарамастан), өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасылар;
11-2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;
11-3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;
12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
12-1) онкологиялық аурумен ауыратын адамдар;
12-2) адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар;
12-3) адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар;
12-4) амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;
12-5) «жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін тұлғалар;
13) сотпен немесе Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар.
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне 7-тармақтың 13) тармақшасында, көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Отан қорғаушы күніне 7-тармақтың 2-2), 2-3) және 6-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Жеңіс күніне 7-тармақтың 1), 2-1), 2- 4), 3), 4), 5), 6-1), 6-3), 6- 4), 6-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Конституция күніне 7-тармақтың 8-4), 8-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне 7-тармақтың 7-1), 8-1), 8-2), 8-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 (жүз жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
7- тармақтың 2), 3-3) және 6-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін санаторлық-курорттық емделуге арналған 50 (елу) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 8-1), 8-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
7-тармақтың 11-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) 4 (төрт) АЕК мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 11-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама қоса берілген өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 11-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 12-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 12-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 12-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға) 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отын сатып алуға 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7- тармақтың 2), 3-3) және 6-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7- тармақтың 3-1), 3-2), 4), 6-1), 6-2), 6-3), 6-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 6 (алты) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7- тармақтың 5) және 7-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін қатты отын сатып алуға 2 (екі) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, 7- тармақтың 8-2) және 8-3) тармақшаларында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 8-2) тармақшасында (гемодиализге мұқтаж емделу және қаралу) көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген балабақшадағы балаларды күтіп-бағуға әрбір балаға құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде 7- тармақтың 12-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Железин аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде 7- тармақтың 12-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін 12 (он екі) АЕК мөлшерінде.
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
ай сайынғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздер
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Железин ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
5-тарау. Қорытынды ереже