«Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» 2021 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

«Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ  әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне  әлеуметтік қолдау шараларын  ұсыну» мемлекеттік қызметінің стандарты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығымен бекітілді. 

         Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны – электронды/қағаз.

         Мемлекеттік қызмет ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ  әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне  тегін көрсетіледі.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі  көрсетілетін қызметті  алушының көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие  түріндегі  әлеуметтік қолдау  шараларын ұсыну тіркеу және  басымдығы  туралы немесе  әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді  бас тарту  туралы Шарт жасау  үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажеттілігі туралы  хабарлама  туралы болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат» стендінде  Железин ауданы әкімдігі ғимаратының холлында  орналасқан.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Дипломмен ауылға!» айдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету туралы мақалалар жарияланды («Родные просторы» және «Туган өлке» газеттерінде 3 жарияланым).

Instagram әлеуметтік желілерінде («Zhelezinkalife сілтеме) «Дипломмен ауылға! жобаны іске асыру бойынша ақпарат жарияланды. Сонымен қатар, fasebook  әлеуметтік желілерінде 2021 жылғы 26 қазанда «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру бойынша «Адал көмек» шеңберінде тікелей эфир өткізілді.

2021 жылдың 25 мамырда «Halyg radio» таңғы эфирінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Мария Каировна Оспанованың «Дипломмен ауылға» бағдарламасын түсіндіру бойынша сөз сөйлеуі болды.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт  және агроөнеркәсіптік  кешен саласындағы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ  әкімдерінің мемлекеттік қызметкерлеріне  әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері анықталды:

         100 АЕК теңге сомадакөтермежәрдемақы (2021 жылда - 291700 теңге);

         Баспана сатып алуға арналған бюджеттік кредит 1500 АЕК  (2021 жылда - 4375500 теңге).

         2021 жылда 53 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

  • көтерме ақы жәрдемін алуға – 33маман жүгінді. Көтерме жәрдемақысын

33 маман қабылдады, оның ішінде: 18– білім беру, 13 - денсаулық сақтау, 3– спорт, жалпы сомасы 9626,1 мың теңге. Бір білім беру маманы тіркеліп, кезекке қойылды.

         Баспана сатып алуға бюджеттік кредитті алу үшін 20 маман жүгініп, бюджеттік несие алды, соның ішінде 20 -білім беру, 3-денсаулық сақтау, 3-спорт,    жалпы сомасы 77188,0 мың теңге.

         Мемлекеттік қызмет осы мемлекеттік қызметті көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзбай ұсынылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ай сайын Железин ауданы әкімі аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп беріледі.

Жеке тұлғалардың және коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін материалдар сұралмады.       

 

Железин ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы                                                            М. Оспанова

Дата публикации
24 января 2022