"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 және 113-1-баптарына сәйкес, "Павлодар облысында төтенше жағдайдың күшін жою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 764 Жарлығының қабылдануына байланысты Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Железин аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 95 "Павлодар облысы Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 қаңтарға тағайындалған сайлауы туралы" қаулысына сәйкес тоқтатыла тұрған Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауы қайта басталсын.
- Осы қаулының 1-тармағына сәйкес сайлаудың қайта басталуына, сайлау науқанының мерзімдерін сақтау қажеттілігіне байланысты дауыс беру күні 2022 жылғы 30 қаңтарға тағайындалсын және қоса беріліп отырған Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары 2022 жылғы 30 қаңтарда бекітілсін.
- Осы қаулы Железин ауданы әкімі аппаратының интернет бетіне орналастырылсын.
Төрағасы Ж. Асаинов
Хатшысы М. Булатова