Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 қаңтарға тағайындалған Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы Хабарлама

2022 жылдың 13 қаңтарда өзін-өзі ұсыну тәртібімен Михайлов ауылдық округінің әкімдікке өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды      

- Талгат Женисович Баштаев ұсынды.

2022 жылдың 13 қаңтарда   «Nur Otan»  партиясы ұсыңған тәртібімен Михайлов ауылдық округінің әкімдікке өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарды

- Аскан Кабдешович Орынтаев ұсынды.

Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 14 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Дата публикации
14 января 2022