Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (НАҚТЫЛАУ, ЖЕЛТОҚСАН)

Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Алакөл ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Железин ауданы Алакөл ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 516/6 шешімімен (2021жылғы 6 желтоқсандағы № 91/7 өзгерістермен) бекітілген. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 161164 болып тіркелді.        

          Алакөл ауылдық округінің құрамына Алакөл ауылы кіреді. Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі 57334,68 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 27760,0 га. Халық саны – 622 адам, оның ішінде ерлер – 310 адам, әйелдер – 312 адам. Тұрғындардың жалпы санынан зейнеткерлер – 85, 16-дан 29-ға дейінгі жастар – 102, оқушылар – 104, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 59, ашық нарықта жұмыссыздар – 6, тіркелген жұмыссыздар – 1 адам.

          Әлеуметтік салада интерактивті және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған 1 орта мектеп жұмыс істейді. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) – 1, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмыс істейді. 2 төсек, ем-шара бөлмесімен біріктірілген акушерлік кабинет, егу кабинеті, науқастарды қабылдау кабинеті, ЭКГ жабдықтар, дәріхана – 1 бар.

         Мәдениет үйінің жанында ауылдық кітапхана жұмыс істейді, кітапхананың кітап қоры жыл сайын 18500 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 15 000 дана толықтырылады және есептеледі, спортпен айналысуға арналған фитнес-клуб бар.

         Мәдениет үйі жанындағы қызмет көрсету саласында «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы жұмыс істейді.

         Қайта өңдеу саласында «Пахарь» ШҚ ЖШС наубайханасы жұмыс істейді.

Алакөл ауылдық округі бойынша 15,84 шақырым жол бар. Оның ішінде: кірме жолдар – 2,505 км, айналма жолдар – 4,861 км және кентішілік жолдар 8,474 км, сондай-ақ ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Көшелер шамдармен жарықтандырылған, Павлодар қаласы мен Железинка ауылына автобус қатынасы бар.

 

        

Бюджет көлемі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. «Алакөл ауылдық округінің түсімдері мен шығыстары»

 

                                                                                                             мың теңге

Атауы

 

 

2021 жыл     

 

2022 жыл  

 

2023 жыл

 

1

2

3

4

ТҮСІМДЕР – барлығы:

31388

32252

34138

Меншікті кірістер, оның ішінде:

2564

2159

2444

Салықтық түсімдер

2454

2069

2354

Салықтық емес түсiмдер

110

90

90

Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде:

28824

30093

31694

Субвенция

28824

30093

31694

 

 

Алакөл ауылдық округінің бюджетіне 2021 жылға

салық түсімдерінің құрылымы

 

 

 

 

Алакөл ауылдық округі бюджетінің шығындары

 

Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

ШЫҒЫНДАР – барлығы, оның ішінде:

31913

32252

34138

Мемлекеттік қызметтер

25430

24920

26758

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

3656

1679

1763

Көлік және коммуникация

1869

4683

4602

Денсаулық сақтау

35

37

39

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

923

933

976

 

 

 

 

 

Алакөл ауылдық округінің 2021 жылға

 арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары

 

 

 

 

 

 

         Алакөл ауылдық округі бюджетінің 2,8%-ын әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласына шығындар құрайды

 

 

Әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстары

және әлеуметтік қамтамасыз ету

                                              

                                                                                                                   мың.теңге

Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған бюджет шығыстары, барлығы:

923

933

976

 Оның ішінде:

 

 

 

Әлеуметтік көмек

923

933

976

 

Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.

2021 жылға арналған мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге ауылдық округ бюджетінің шығындары 923,0 мың теңге сомасында қарастырылған.

 

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 79,7%-ын мемлекеттік қызмет көрсету саласына шығындар құрайды

 

                                      

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары

жалпы сипаттағы қызметтер

 

                                                                                                                    мың теңге

 Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған бюджет шығыстары, барлығы:

25430

24920

26758

 Оның ішінде:

 

 

 

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

25430

24920

26758

Қорғаныс

0

0

0

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге                         25430,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылды.

 

 

Алакөл  ауылдық округінің бюджет шығындарының 0,1%-ын денсаулық сақтау саласына шығындар құрайды

                        

        

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары

 

                                                                                                                   мың.теңге

Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

35

37

39

 Оның ішінде:

 

 

 

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

35

37

39

 

Денсаулық сақтау саласында шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру үшін 2021 жылға 35,0 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.

 

Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 11,5 %-ын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары  құрайды

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығыстары

                                                                                                                   мың.теңге

 Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған бюджет шығыстары, барлығы:

3656

1679

1763

 Оның ішінде:

 

 

 

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

2303

860

903

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

1157

613

644

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

196

206

216

        

          2021 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған бюджет шығындары:

- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру қолданыстағы жарықтандыруды ұстауға және техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру шамдарын сатып алу 2303,0 мың теңге сомасында қарастырылған;- Алакөл ауылында қоқыстарды шығаруға, сондай-ақ тозығы жеткен ғимараттарды бұзу және алып тастау елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету – 1157,0 мың теңге;

- Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру – 196,0 мың теңге сомасында қарастырылған.

 

 

          Алакөл ауылдық округінің бюджет шығындарының 5,9 %-ын көлік және коммуникация шығындары  құрайды.

 

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары

 

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

Көлік және коммуникацияға арналған бюджет шығыстары, барлығы:

1869

4683

4602

 Оның ішінде:

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалаларда , ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1869

4683

4602

                               

2021 жылға арналған көлік және коммуникация саласындағы іс-шараларды іске асыруға бюджет шығыстары көзделген:         

Ауылдық округ автомобиль жолдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 1578,0 мың теңге сомасында қаражат қарастырылған.

          Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 291,0 мың теңге қарастырылған.

Дата публикации
15 декабря 2021