Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің «Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 «Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1) тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1-13/450 ұсынысының негізінде әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-209) орналасқан мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін орындауға байланысты шектеу іс-шараларын алып тастау болып табылады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған «___» ________2021 жыл.

Дата публикации
22 декабря 2021