Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1-13/450 ұсынысы негізінде , ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-209) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Күші жойылды деп танылсын:
Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 «Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген);
Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 6 «Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 «Железин ауданы Железин ауылдық округінің «Пахарь» шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7225 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық
округінің әкімі К. Айсаков