2022 жылғы 23 қаңтардағы Михайлов ауылдық округі әкімінің алдағы сайлауына байланысты мынадай сайлау учаскелері айқындалды

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы «Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24893 болып тіркелген) сәйкес, 2022 жылғы 23 қаңтардағы Михайлов ауылдық округі әкімінің алдағы сайлауына байланысты мынадай сайлау учаскелері айқындалды.

Михайлов ауылдық округі бойынша:

№ 234 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Михайловка ауылы, Суворов көшесі, 19, Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;

сайлау учаскесінің шекарасы: Михайлов ауылдық округі Михайловка ауылының аумағы.

 

№ 235 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Петропавловка ауылы, Степная көшесі, 15 құрылыс, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің «Буденов негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

сайлау учаскесінің шекарасы: Михайлов ауылдық округі Петропавловка ауылының аумағы.

 

№ 236 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Красновка ауылы, Киров көшесі, 19;

сайлау учаскесінің шекарасы: Красновка ауылының аумағы, Михайлов ауылдық округінің «Қызыл тұз» теміржол аялдама пункті.

 

№ 237 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Мыңкөл ауылы, Элеваторная көшесі, 1 Б құрылыс, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Железин ауданы білім беру бөлімінің «Мыңкөл негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;

сайлау учаскесінің шекарасы: Михайлов ауылдық округі Мыңкөл ауылының аумағы.

Дата публикации
29 декабря 2021