Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру және Михайлов ауылдық округі әкімі сайлау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулыларымен  2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/89 Михайлов ауылдық округ әкімі ауылдық округінің шекарасындағы Михайлов сайлау округі құрылды және 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/90 Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлау 2021 жылғы 23 қаңтарға тағайындалды.

2022 жылғы 23 қаңтарға тағайындалған Железин ауданының Михайлов ауылдық округтері әкімнін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

 

  

Железин аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясы

Дата публикации
24 декабря 2021