Шешім жобасы Казақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, Казақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4- тармағына сәйкес әзірленді.
2022 жылға арналған бюджеттің көлемі 4939,5 млн. теңгені, 2023 жылға – 1654,4 млн.теңгені, 2024 жылға – 1681,7 млн.теңгені құрайды.
Ауданның 2022 жылға кіріс көлемі 1108,5 млн. теңге сомасында көзделген, 2023 жылға түсімдер көлемі 1144,2 млн.теңге, 2024 жылға – 1201,4 млн. теңге болжануда.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
«2022-2024 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» шешім жобасы 2021 жылғы 18 қарашадан бастап 03 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.