Шешім жобасы Казақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, Казақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4- тармағына сәйкес әзірленді.
2022 жылға арналған бюджеттің көлемі 499,7 млн. теңгені, 2023 жылға – 509,7 млн.теңгені, 2024 жылға – 519,9 млн.теңгені құрайды.
Ауданның 2022 жылға кіріс көлемі 36,5 млн. теңге сомасында көзделген, 2023 жылға түсімдер көлемі 73,1 млн.теңге, 2024 жылға – 76,7 млн. теңге болжануда.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
«2022-2024 жылдарға арналған Железин ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімнің жобасы 2021 жылдың 23 қарашасынан 08 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" порталында орналасқан.