Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Железин ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғары айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» №508/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:   

  1. Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «Железин ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғары айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

        1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «1. Железин ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және

ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін  аталған мамандарға  қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда  айналысатын  мамандардың  ставкаларымен  салыстырғанда айлықақысы мен тарифтік ставкаларын  жиырма бес  пайызға жоғарылату белгіленсін».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
30 ноября 2021