«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Еңбекші ауылдық округінің тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында: ӨКІМ шығарамын:
- Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің карантиндік кезеңге қаулысының талаптары сақталуы үшін мониторингтік топ құрылсын.
- 2020 жылғы 6 қарашадағы № 70 «Қазақстан Республикасының карантиндік кезеңдегі бас санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы және азық – түлік тауарлары бар бағалардың мониторингі бойынша мониторинг тобын құру туралы» күші жойылсын.
- Осы өкімнің орындалуын өз бақылауыма аламын.
Еңбекші ауылдық округінің әкімінің м.а. Т.Байманов