Железин ауданы әкімдігінің, Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің «Железин жылу-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құруға жобасына баспасөз

Железин ауданы бойынша бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншікті ұйымдастыру тізбесіне 2022 жылға арналған 2020 жылғы 29.12. № 908 ҚРҮҚ сәйкес Железин ауданы экономикасының нақты секторы бөлімінің «Көмек» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – «Көмек» МКК) енгізілді.

«Көмек» МКК табиғи монополиялар субъектісі болып табылады, ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының 2006 жылғы 21 тамыздағы № 1-04/29 –НҚ бұйрығы негізінде қызмет түрлері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне-таратушы желілер бойынша су беру, жылу энергиясымен өндіру және жабдықтау бөліміне енгізілген.

«Көмек» МКК жалпы ұзындығы 18,16 км жылу желілері бар 5 қазандық, жалпы ұзындығы 25,5 км су құбыры желілері бар 4 терең су ұңғымасы бар. Сумен Железинка ауылының 79 объектісі және 4102 адам қамтылған. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру мемлекеттік басқару органы бекітетін кірістер мен шығыстар сметасы бойынша өз табысы есебінен жүзеге асырылады.

Жылумен жабдықтау бойынша қызмет алатын аудан орталығының тұрғындары арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін Железин ауданының әкімдігі барлық тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз және авариясыз беру үшін «Железин ауданы әкімдігінің, Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің «Железин жылу-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы» 2021 жылғы 4 тамыздағы № 225/7 қаулы қабылдады.

Жаңа ұйым құру халықтың қызығушылығын қорғаудың жалғыз стратегиялық маңызды шешімі болып табылады.

Дата публикации
18 ноября 2021