Железин ауданы әкімдігінің, Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің «Железин жылу су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралыҚазақстан Республикасы»,  Заңының  31-бабының 2-тармағына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Железин ауданы әкімдігінің, Железин ауданы экономикасының нақты секторы бөлімінің «Железин жылу-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі «Железин жылу-су арнасы» ШЖҚ МКК) құрылсын.
  2. Железин ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі «Железин жылу-су арнасы» ШЖҚ МКК басқару органы болып белгіленсін.
  3. «Железин жылу-су арнасы» МКК қызметінің негізгі мәні халықты жылумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету болып белгіленсін.
  4. Осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген бастапқы құны 66 686 051,00 (алпыс алты миллион алты жүз сексен алты мың елу бір) теңге 00 тиын болатын мүлік «Железин жылу-су арнасы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталына салым ретінде берілсін.
  5. Железин ауданы әкімдігінің, Железин ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің «Железин жылу-су арнасы» ШЖҚ МКК Жарғысы бекітілсін.
  6. «Железин жылу-су арнасы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталына салым ретінде берілетін мүлік осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Железин жылу-су арнасы» ШЖҚ МКК құру кезеңіне жедел басқару құқығымен «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
  7. «Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі"» мемлекеттік мекемесіне:

- «Железин жылу-су арнасы» ШЖҚ МКК-нын заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

- осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                           А. Шаяхметов

Дата публикации
18 ноября 2021