Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы;»;
13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;»;
6-тармақтың 12-3) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.