Железин аудандық мәслихатының «Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 516/6 «Железин ауданының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы.
Ауылдық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігі 1,6 млн.теңгеге ұлғайтылды, сондай-ақ кірістерді түрлері бойынша қайта бағыттау жүргізілді.
Ауылдық округтер бюджеттерінің шығыс бөлігі 1,6 млн.теңгеге ұлғайтылды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 516/6
«Железин ауданының ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешім жобасы 2021 жылғы 26 қазан – 09 қараша аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.