Ауданның 2021-2023 жылдарға арналған бюджет нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына сәйкес өткізіледі.
Әлеуметтік көмекке 19,1 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттердің азаюына байланысты ағымдағы жылдың 29 қазанында жүргізілген бюджетті түзету ескерілді.
Бюджеттің кіріс бөлігінде кірістерді түрлері бойынша қайта бағыттау жүргізілді.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берген өтінімдеріне сәйкес бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бағыттау жүргізілді.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, аудан бюджетінің нақтыланған көлемі 6271,2 млн.теңгені құрайды.
«Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған Железин аудандық бюджеті туралы» № 507/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы 2021 жылғы 26 қазан - 09 қараша аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.