Железин ауданының әкімі Қ.Ш. Кашкировтың 2021 жылдың ІІІ тоқсанында халықпен өткізген брифингі туралы ақпарат 2021 жылғы 18 қазан

2021 жылғы 18 қазанда Железин ауданының әкімі Қ.Ш. Кашкиров ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында брифинг өткізді. Брифинг туралы құлақтандыру а.ж. 7 қазаннан бастап апта сайын жергілікті аудандық «Родные просторы» және «Туған өлке» газеттерінде, аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің Инстаграм парақшаларында, аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, Zhelezinka New фейсбук парақшасында, сондай-ақ ауылдық округтердің ватсап топтарында жарияланды.

Брифинг онлайн режимінде Zoom және Instagram платформаларында өткізілді. Барлығы 544 адам қатысты (Zoom - 492, Instagram - 52).

Аудан әкімінің баяндамасында 2020 жылғы есеп беру кездесуінің қорытындылары бойынша бақылауға алынған сұрақтарға жауаптар, халықтың түсініктемелері мен ұсыныстары, сондай-ақ блоктар бойынша өңірдің 2021 жылғы 9 айдағы дамуы туралы ақпарат қамтылған.

Есептік кездесу барысында тұрғындарға аудан әкімінің блогы, ватсап мессенджер тәулік бойы жұмыс істейтіні, сондай-ақ тұрғындардың Instagram парақшасына дайрект арқылы хабарласу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Бұдан кейін әкім ауданның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салалары, аудандағы эпидемиологиялық ахуал және т.б. бойынша ақпаратқа тоқталды.

Жалпы брифинг 85 минутқа созылды, оның ішінде 10 минут (11,8%) - аудан әкімінің баяндамасы, 75 минут (88,2%) – «сұрақ-жауап» форматы.

 

Брифинг барысында барлығы 23 сұрақ түсті. Барлығына түсініктеме берілді. Брифинг кезінде және одан кейін айтылған ескертулер жоқ. Аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тұрғындар тарапынан сын-ескертпелер болған жоқ. Жалпы брифинг жақсы жағдайда өтті.

Ауданның барлық елді мекендерінде онлайн конференцияларға қатысу мүмкіндігі бар. Онлайн брифинг барысында Интернет байланысына қатысты техникалық мәселе туындады. Байланыс бір минут ішінде қалпына келтірілді. Алдағы уақытта брифинг штаттық режимде өтті. Конференция қосылғысы келетіндердің барлығына қол жетімді және ашық болды.

Есептік кездесуден кейін, жеке қабылдауда 2 сұрақ айтылды.

Железин ауданы әкімінің Instagram әлеуметтік желісінде ресми парақшасы бар. @Kashkirovkanat аккаунты, жазылушылар саны – 2652, Жарияланымдар - 1023, халықтың үлесі-17%.

Дата публикации
19 октября 2021