Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Железин ауданы Железин, Башмачин ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қашкиров