Железин ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республиткасы «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңының 10-3-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрі міндетін атқарушысының «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасының «Құрылыс саласының жаңа нормативты базасын бекіту туралы» бұйрығы бойынша,   ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Железин ауданы кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға арналған шығындардың ең төменгі мөлшері бекітілсін..
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес көпқабатты үйдің пайдалану мерзімі мен сипаттамаларына байланысты (1,0 ден 1,7-ге дейін) коэффициент есебімен кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстау үшін жарналарды анықтау үшін түзету мөлшері анықталсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі..

       

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Дата публикации
30 сентября 2021