Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1) тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 1-13/382 ұсынысының негізінде әзірленді.
Шешім қабылдаудың мақсаты Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-211) орналасқан мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін орындауға байланысты белгіленген шектеу іс-шараларын алып тастау болып табылады.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған 2021 ж. 22.09.