Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 1-13/382 ұсынысының негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:
- Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-211) мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.
- Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22906 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауылдық
округінің әкімі К.Айсаков