«Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту тура

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы «Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 және «Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 93 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                          К. Кашкиров

 

Павлодар облысы

Железин ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «27» маусымдағы

№ 212/7 қаулысымен

бекітілді

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемесі туралы

ереже 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Железин ауданының жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 140400,Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19.
  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
  2. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Железинского района Павлодарской области».
  3. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Железин ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
  4. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  5. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  6. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Егер «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Железин ауданы әкімінің өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету.
  2. «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты: аудан қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру - құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету іс-шараларын аудандық деңгейде іске асыру
  3. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні: аудан аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
  4. Міндеттер:

1) аудан әкімінің өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;

2) Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамудың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық қағидаттарын іске асыруға, өңірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуге жәрдемдесу;

2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және

әкімшілік реформаларды жүзеге асырудың тетігі мен тактикасын жетілдіруге қатысу;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;

4) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

  1. Функциялары:

1) аудан әкімі аппараты мен әкімдігінің регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысына талдау жүргізеді, аудан әкіміне, әкімдігіне және жоғары тұрған органдарға олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат береді;

3) аудан әкімінің, әкімдігінің, әкім аппаратының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді;

4) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді, мемлекеттік мекемеде іс жүргізуді ұйымдастырады;

5) аудан әкімдігі мен әкімі шығаратын нормативтік құқықтық актілердің түпнұсқаларын ресімдеуді, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді;

6) аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысады;

7) аудан әкімдігі мен әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне заң сараптамасын жүзеге асырады және аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізеді;

8) аудан әкімінің, әкімдігінің, аппарат басшысының актілерін тіркеуді және таратуды жүзеге асырады;

9) аудан әкімі аппаратының жұмысын, әкімдік отырыстарын, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;

10) аудан әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімі мен оның орынбасарларының кеңестерін және өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады;

11) аудан әкімдігі отырыстарының, аудан әкімі мен оның орынбасарларының кеңестерінің және өзге де іс-шаралардың, кеңес хаттамаларының материалдарын ресімдеуді және таратуды жүзеге асырады;

12) ауданның мемлекеттік органдары мен аудан әкімі аппаратының арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;

13) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдарының, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

14) әкімнің және әкімдік мүшелерінің кіріс құжаттарын уақытылы қарауды ұйымдастырады, оларды бастапқы өңдеуді, алдын ала қарауды, тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, жеткізуді және таратуды жүзеге асырады;

15) әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді және «Қызмет бабында пайдалану құжаттары» белгісі бар хат-хабарларды тіркеуді жүзеге асырады;

16) құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялылық режимін қамтамасыз етеді;

17) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің мониторингін жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге;

19) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін жүзеге асырады;

20) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыратын әкімдіктің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді;

21) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрлар мониторингін жүзеге асырады;

22) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

23) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды, конкурстық іріктеуді, қызмет бойынша жоғарылатуды, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, жұмыстан босатуды ұйымдастырады және өткізеді;

24) ауданда ақпараттандыру деңгейін арттыру және ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша жұмыс жүргізеді;

25) мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну үшін құжаттар дайындауды ұйымдастырады;

26) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің, әкім орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының азаматтарды жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастырады;

27) аудан әкімдігі мен әкімінің, ауданның атқарушы органдарының жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік дерекқорға енгізеді;

29) туу туралы куәліктер беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;

30) Железин ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Железин ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындауға;

4) аудан әкімдігінің, әкімінің қарауына және жоғары тұрған ұйымдарға дамудың негізгі бағыттары, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелерін жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

5) барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, сондай-ақ құқық қорғау органдарында және сотта «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;

6) жер заңнамасын бұзу туралы хаттаманы жасау және қарау және құзыреті шегінде бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза туралы қаулы шығару;

7) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;

8) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 148-бабы 1-тармағының                             4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және ұсыну.

9) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) аудан әкімдігінің бекітуіне «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады, штат санының лимиті және оның құрылымы бойынша ұсыныстар енгізеді;

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру;

3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

4) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстық іріктеу жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

5) Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің орындалуын бақылайды;

6) аудан әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғалардан тәртіптік жаза қолдану немесе алып тастау туралы ұсыныстарды аудан әкімінің қарауына енгізеді;

7) Қызмет көрсетуші және техникалық персоналмен (бұдан әрі-қызметкерлер);

8) «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

9) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуын, құжаттардың «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өтуін бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

10) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

11) «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;

12) «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына иелік етеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен жұмысшыларын көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

14) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жібереді;

15) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

16) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихатпен, аудандық сотпен, аудан прокуратурасымен, аудандық атқарушы органдармен, өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты негізде байланысын қамтамасыз етеді;

17) мәслихаттың ашық және жабық отырыстарына қатысады;

18) аудан әкімдігінің, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын дайындауды үйлестіреді;

19) аудан әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;

20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, сотта және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, сотта және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру құқығына сенімхаттар береді;

22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

«Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен ауданның жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта

ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

 

  1. «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар жоқ.

Дата публикации
14 сентября 2021