Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19)таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:

1) мынадай ұйымдардың/объектілердің:

қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);

халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;

мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;

білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;

санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;

барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);

денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;

дәріхана ұйымдарының;

тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);

экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;

демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

байланыс және телекоммуникация объектілерініңCOVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;

2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет)қамтамасыз етсін;

3) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, ұйымдардыңбасшылары, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 5-тармағында белгіленген салалардағы қызметті жүзеге асыратын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар:

1) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлерарасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;

2) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектесін.

3.Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері,орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:

1) COVID-19-бен ауыратын пациенттерді диагностикалауға және медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салуды;

3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі;

4) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды;

5) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;

6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;

7) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;

8) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес өнімді көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;

9) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

10) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

11) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес халық үшін фитнес қызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 

12) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес мәдениет объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;

13) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

14) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкесхалықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптарды сақтауды;

15) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс алгоритмін сақтауды;

16) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес су көлігі (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар және басқалары) мен теңіз порттарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

17) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкестұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;

18) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкесмаусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

19) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкесСПА және массаж салондарының,  моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

20) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтауды;

21) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмін сақтауды;

22) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;

23) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес  қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтауды;

24) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызмет алгоритмін сақтауды;

25) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды;

26) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы  арасында COVID‑19-дың таралу тәуекелін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;

27) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;

28) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін сақтауды;

29) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының (құрылыс салушылардың) жұмыс алгоритмін сақтауды;

30) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;

31) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкесшектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде спорттық жарыстарды өткізуге қойылатын талаптарды сақтауды;

32) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді;

33) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес стоматологиялық клиникалардың қызмет алгоритмін сақтауды;

34) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес COVID-19 диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдарды сақтауды;

35) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкесCOVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмін сақтауды;

36) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді;

37) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес COVID 19 бойынша іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмін сақтауды;

38) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібін сақтауды;

39) осы қаулыға 38-қосымшаға сәйкес карантиндік стационарларға қойылатын алгоритм талаптарын сақтауды;

40) осы қаулыға 40-қосымшаға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға қойылатын талаптарды сақтауды;

41) осы қаулыға 41-қосымшаға сәйкесэкскурсиялық қызметті жүзеге асыруға  қойылатын талаптарды сақтауды;

42) осы қаулыға 42-қосымшаға сәйкесшектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптарды сақтауды;

43) осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде мұз қалашықтарының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтауды;

44) осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкесшектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде ойын-сауық саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;

45) осы қаулыға 45-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде банкет залдарының, түнгі клубтардың, караокенің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;

46) осы қаулыға 46-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде лотерея клубтары мен лотерея билеттерін өткізу жөніндегі өзге де нүктелердің, букмекерлік конторалардың жұмысынақойылатын талаптарды сақтауды;

47) әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимін, эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауға мониторингті және объектілерге іріктеп тексеру жүргізуді;

48) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

49) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі:

1) әскери бөлімдерге келгеннен кейінәскерге келушілерді 14 тәулікке оқшаулауды, олардың шақырылған өңірлер бойынша бөлектеуді;

2) әскерге келушілерді орналастыру үшін орындар дайындауды;

3) әскерге келушілердің кесте бойынша бос уақытты өткізу үй-жайларында (монша-кір жуу қызметін көрсететін және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда) болуын ұйымдастыруды және басқа жеке құраммен байланысты болдырмай, тамақтануды ұйымдастыруды;

4)осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес жеке құрам арасында COVID-19-дың таралу тәуекелін төмендету бойынша алгоритмді сақтауды;

5) жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған кезде  және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді, байланыста болғандарға, симптомсыз ауру нысандары бар адамдарға (бұдан әрі – симптомсыз вирус тасымалдаушы) медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1) оқиға орнына шығу кезінде жедел-тергеу тобының жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы шараларды сақтауды, одан әрі өзін-өзі оқшаулаусыз олардың денсаулығының жай-күйін бақылауды;

2) мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тасымалдау кезінде санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және қызметкерлердің жеке қорғаныш құралдарын пайдалануын;

3) медициналық қызметтің короновирустық инфекция кезінде жедел-тергеу топтарының мүшелерімен және мәйіттерді тасымалдауға қатысатын қызметкерлермен жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша нұсқама жүргізуін;

4) сотталғандар арасында CОVID-19 ауру жағдайлары анықталған кезде ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді, COVID-19-ға зертханалық тексеруді, науқастарды емдеуді, байланыста болғандарды, симптомсыз вирустасымалдаушы адамдарды медициналық бақылауды және оларды оқшаулауды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын.
  2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын  науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарда жеке төсектер бөлуді;

2)серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжат болған жағдайда босануда серіктес болуға рұқсат беруді;

3) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді;

4) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19  ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді қамтамасыз етсін;

5)босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмек жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі.

Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады;

6) барлық босандыру және балалардың медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау белгілері бар, COVID-19 короновирустық инфекциясына күдігі бар, ПТР әдісімен COVID-19 инфекциясы расталған, COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды, сондай-ақ стационарға түскен кезде COVID-19-ға ПТР талдауының нәтижелері жоқ пациенттерді емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды;

7) COVID-19-ға талдау нәтижесі жоқ және орташа және ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер, балалар босандыру және балалардың медициналық ұйымдарына шұғыл жүгінген кезде медицина қызметкерлерінің, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың медициналық көмек көрсетуі үшін мамандандырылған бөлімшелерге емдеуге жатқызылады;

8) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен  COVID-19-ға тестілеу нәтижелері немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжат болғанда жүзеге асырылады;

9) осы қаулыға33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді;

10) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес зертханалық тексеру үшін COVID-19-ға күдікті науқастардан материалды қауіпсіз алуды ұйымдастыруды;

11) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды;

12) үйде карантиндегі адамдар үшін қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) медициналық ұйымдарға бармай ресімдеуді;

13) денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және шығыс материалдарына қажеттілігін;

14) барлық медициналық ұйымдардың осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес таза және лас аймақтарға бөле отырып, инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істеуін;

15) стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантин сақтауды;

16) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес COVID 19 бойынша іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмін сақтауды;

17) патологиялық-анатомиялық қызмет, сот-медициналық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда мәйіттерді ашу (аутопсия) кезінде эпидемияға қарсы шараларды сақтауды –осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды;

18) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің барлық ағымының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отырып, шлюздер ұйымдастыруды;

19) көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттердің күнделікті ағымын жоспарлы және щұғыл емдеуге жатқызу үшін  жеке бөлуді;

20) іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексеруге, тасымалдауға, ошақтағы жұмысқа, емдеуге жатқызуға, емдеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды;

21) денсаулық сақтау ұйымдары үшін СОVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді;

22) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізуді;

23) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулауды;

24)клиникалық хаттамаға және осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйдегі карантинді және медициналық қадағалауды;

25) тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды;

26) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;

27) шетелден келген дене температурасы жоғары адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін инфекциялық стационарға жатқызуды;

28)шетелден ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыруды;

29) үйде оқшаулау жағдайларында COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған (жақын байланыс) адамдарды зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині);

30) осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес амбулаторлық түрде COVID-19-бен  ем алып жатқан науқастар және үй карантиніндегі COVID-19 науқастармен байланыста болған адамдарды, үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат бере отырып, қол қойғызып хабарлауды;

31) осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізуді;

32) осы қаулыға 33, 35, 36-қосымшаларға сәйкес байланыста болғандарды және симптомсыз вирус тасымалдаушыларды медициналық бақылауды және зертханалық тексеруді;

33) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаукомитетінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 6 сағат ішінде CОVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «CОVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама беруді қамтамасыз етсін.

8.Республикалық медициналық ұйымдардың басшылары аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бейіні бойынша жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етсін.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды;

2) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді мынадай басымдықта жүргізсін: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; өзге де ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;

3)осы қаулыға 37-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді;

4) байланыста болған адамдарды оқшаулауды, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

5) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

6) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді;

7) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті және өткен тәулік ішіндегі ақпаратты ҚДСҰО-ға сағат 02-00-ге дейін беруді;

8)Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін 2 сағат ішінде хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҚДСҰО), «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан зертханаларосы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен COVID-19-ғатестілеуді ұйымдастыруды және осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.
  2. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

1) әлемнің елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тәулік бойғы мониторингін;

2) COVID-19 тіркелген елдердің тізбесін және республикадағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты сайтқа күн сайын орналастыруды;

3) Денсаулық сақтау министрлігіне және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаукомитетіне апта сайын жұма күні ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының жаңартылған болжамын, күн сайын әрбір 3 сағат сайын - COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды (жақын байланыс) анықтау және мониторингілеу бойынша ақпаратты ұсынуды;

4) Денсаулық сақтау министрі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін әрбір тіркелген жағда   й туралы бір сағат ішінде ақпараттандыра отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар санын, COVID-19-дың расталған жағдайлар мен байланыста болған адамдар санын мониторингілеу және мониторинг деректерін күн сайын кемінде 2 рет ұсыну;

5) «шиеленіс ошағын» және байланыста болған адамдардың орналасуын көрсете отырып, республика аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды визуалдауды;

6) халықаралық ұсынымдарға сәйкес (ДДҰ, CDC) COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰСО) филиалының зертхана мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

7) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат);

8) күн сайын сағат 8-00-ге қарай Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне өткен тәуліктегі және өсу ретімен өңірлер бөлінісінде тіркелген COVID-19 жағдайларының саны туралы статистикалық деректерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:

1) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың азаймайтын қорын;

2) ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;

3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын  науқастардан материал алу және тасымалдау, COVID-19-ға күдікті науқастардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды;

4) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-мен жеткілікті мөлшерде;

5) COVID-19-ға зерттеуге арналған материалдың үлгілерін өтініштің мақсаты (өздігінен жүгіну, әкелу, профилактикалық тексеру (скрининг) және басқасы) көрсетілген ілеспе құжатпен қабылдауды қамтамасыз етсін.

13.ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертханасы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясын бақылау жөніндегі референс зертхана болып уақытша айқындалсын.

14.Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары:

1) InfoKazakhstan.kz сайтындатіркеу негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

2) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

3) бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтын пайдалануды;

4) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

5) InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына үй-жайлардың келушілерменжоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі).

15.Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері,Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды.

Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды.

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде және бекітілген контингент арасында карантиндік шараларды қатаңдату/жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын  ведомствосы қабылдайды.
  2. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25тамыздағы № 36 қаулысына (бұдан әрі - №36 БМСДҚ)мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері шетелдік студенттерге:

- «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілері бойынша Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасының уәкілетті органы берген вакцинация паспортымен/сертификатымен/анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде алған кезден бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына келуге рұқсат етсін.»;

2) №36 БМСДҚ-ға 1-қосымшада 3-бөлімнің 23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинде оқшаулауда болған уақытта тұрақты тұратын орындарға немесе өзге де орындарға шығуға жол берілмейді.»

         18.«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының күші жойылды деп саналсын.

         19.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

  1. Осы қаулы 2021 жылғы 6 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының  

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                           Е. Қиясов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

1-қосымша

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптар

 

I.Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға,

басқа да кеңселерге қойылатын талаптар

 

  1. Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.
  2. Объектіге кіреберісте жіті респираторлық аурулардың белгілері жоқ адамдарды (дене температурасы 370-тен жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) объектіге жібере отырып, қызметкерлер мен келушілергебайланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады.
  3. Объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе бактерицидті әсері бар ауа рециркуляторларын (бұдан әрі - ауа рециркулятор) пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандырудыжүргізу ұсынылады. Кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болғанда пайдалануға рұқсат етіледі.
  4. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) CОVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған, CОVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болған адамдар;

2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар.

  1. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. Ғимаратта міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі.
  2. Кіреберісте, холлда, лифтіге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.
  3. Органның (ұйымның) әкімшілігі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);

3) жұмыс күні ішінде маскаларды/респираторларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды;

4) қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықта болатын жағдайларды (әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып);

5) антисептиктермен жұмыс орындарын;

6) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.

  1. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады.
  2. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі.
  3. Асхана, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады.
  4. Жиһаз, терезе алды, шкафтар, есік тұтқалары, компьютер пернетақтасы (көбіне қолмен жанасатын орындар) дезинфекциялау құралымен сүртіледі.
  5. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
  6. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.
  7. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.
  8. Үй-жайлар мен жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
  9. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
  10. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беру және оларды қараусыз қалдыру жүзеге асырылмайды.
  11. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маскані пайдалана отырып жүргізеді.
  12. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.
  13. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.

 

  1. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі бизнес-орталықтар қызметінің алгоритмі

 

1.Бизнес-орталықтардың әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жалға алушылардың, саудагерлердің жұмыс шарттарымен таныстыруды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.

  1. Кіреберісте дене температурасын бақылауды (ресепшн, күзет пункті, өту орны) объектінің қызметкері барлық қолжетімді кіреберістерде жүзеге асырады.
  2. Бизнес-орталықтардың аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді.
  3. Объектіні күзету қызметі, әкімшілік өкілі және еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маскаларды міндетті түрде киюін және олардың әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.
  4. Сауда жасаушылар мен бизнес-орталықтардың қызметкерлері медициналық немесе матадан тігілген маска, қолғап киеді.
  5. Объекті әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес объектінің толтырылуын қамтамасыз етеді.
  6. Объекті әкімшілігі әрбір үй-жайда (кеңседе) келушілердің бір жолғы рұқсат етілген саны туралы ақпарат беруге міндетті. Ақпарат әрбір үй-жайға кіреберісте көзге көрінетін қолжетімді жерде орналасуы тиіс.
  7. Кеңселердің қызметкерлері (жалға алушылар) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) өз үй-жайларында әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
  8. Санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радио арқылы (60 минутта кемінде 1 рет) айтылады.
  9. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еден таңбаларын, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын орнату, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

3) кіреберісте, холлдарда, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;

4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізу;

5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

6) халыққа маскамен қызмет көрсету;

7) таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау;

8) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, бизнес орталықтардың, сауда үйлерінің, жеке тұрған сауда үй-жайларының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;

9) ірі объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда табиғи желдету болмаған жағдайда ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру міндетті;

10) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі;

11) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау;

12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу;

13) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы;

14) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу;

15) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№38  қаулысына

2-қосымша

 

 

Медицина қызметкерлерінің СOVID-19-ды жұқтыруын болдырмау

мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі

 

 

1-бөлім. Инфекциялық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі.

І. Инфекциялық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу:

  1. Инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.
  2. «Таза» аймаққа мыналар жатады:

1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;

2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс;

3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;

4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар.

  1. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.
  2. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс.

5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

  1. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет.
  2. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т. б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі.

Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.

  1. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.
  2. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
  3. Лас аймақтағы персонал 3 сағаттан артық емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, кейіннен таза аймаққа шығу және қажет болған жағдайда жұмыс ауысымы ішінде лас аймаққа қайта кіреді. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ пайдаланылады.
  4. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.
  5. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі:

1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу;

2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады;

3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді;

4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді.

  1. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс.
  2. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді.
  3. Инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі.
  4. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі.

16.Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

ІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлардың жұмыс режимі:

  1. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған стационарларда карантин енгізу қажет.
  2. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет.
  3. Стационарларда медицина қызметкерлері мен пациенттердің режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің, оның ішінде қабылдау бөлімшелерінің, зертханалардың және емдеу-диагностикалық бөлімшелердің жұмысын бейнебақылау (палатадан палатаға орын ауыстыру, қашықтықтан бақылау) қамтамасыз ету қажет. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыру) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету қажет.
  4. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.
  5. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.
  6. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет.
  7. Пациенттер палаталары медицина персоналын шақыру батырмасымен жабдықталуы тиіс.
  8. Күн сайын ауысымға дейін және ауысымнан кейін денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен анықталған бөлімшенің жауапты медицина қызметкерінің бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы барлық қызметкерлердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық бақылау жүргізуі тиіс.
  9. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері міндетті түрде медициналық ұйымның басшысын тез арада хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.
  10. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және басқа эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар) қамтамасыз ету қажет.
  11. Медициналық ұйымдар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
  12. Инфекциялық стационарлардың басшылары жұмыс істейтін басқа персоналда респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін жасауы тиіс.
  13. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

ІІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлар қызметкерлерінің карантин жағдайларында тұру жағдайы (үйден тыс жерде тұрғанда):

  1. Медицина қызметкерлерінің тұруы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету қажет:

- әртүрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін бөлек орналастыру және тамақтандыру (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмай);

- бір медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда бөлек орналастыру және тамақтандыру;

- медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта әрбір медициналық ұйым үшін көлікті қамтамасыз ету, кейіннен көлікті дезинфекциялау;

-үйден тыс тұратын инфекциялық стационарлар қызметкерлерінің COVID-19 таралуының алдын алуға бағытталған орналастыру, тамақтану жағдайларын және басқа да іс-шараларды орындауын бақылауды қамтамасыз ету.

  1. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

 

 

2-бөлім. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарларды (көп бейінді ауруханалар, балалар ауруханалары, аудандық орталық ауруханалар, босандыру ұйымдары – бұдан әрі – медициналық ұйымдар) аймаққа бөлу және жұмыс режимі

  1. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарларды аймаққа бөлу, жұмыс режимі және қызметкерлерінің тұру жағдайлары осы қосымшаның 1-бөліміне сәйкес инфекциялық стационарларға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
  2. Емдеуге жатқызуға түскен кезде COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес адамдар жатады.
  3. Пациенттердің бөлімшелер бойынша және бөлімше ішінде жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттердің бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда, масканы пайдалану міндетті.
  4. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда пациент инфекциялық стационарға ауыстырылады.
  5. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.

 

3-бөлім. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі

ІV. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарында аймаққа бөлу.

  1. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулауға арналған изоляторды қарастыру қажет.
  2. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.
  3. «Лас» аймаққа мыналар жатады:

1) қабылдау бөлімшесі;

2) изолятор.

  1. «Таза» аймаққа стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.
  2. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасз ету қажет:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

  1. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс.

4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс.

5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

  1. «Лас» аймақтың медицина қызметкерлері үшін ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары кіретін «таза» аймақ қарастырылуы қажет. Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс. Бұл ретте оларға кіретін жер ЖҚҚ-ны шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс.
  2. «Лас» аймақ қызметкерлерінің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуіне, кәсіби мәселелерді талқылауына, құжаттармен жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына және сусындар ішуіне және т. б. осы қосымшаның 4 -тармағында көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жол беріледі.
  3. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.
  4. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
  5. Персонал лас аймақта осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.
  6. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.
  7. Емдеуге жатқызуға түскен кезде адамдар осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге жатады.
  8. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттер жеке палатада орналастырыла отырып, оларға қажетті медициналық көмектің көлемі көрсетіледі. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
  9. Қызметкерлерді осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз ету керек.
  10. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет.

53.Пациенттердің бөлімшелер арасында қозғалысына жол берілмейді.

  1. Пациенттерге адамдардың келуіне тыйым салынады.
  2. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыруы) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету.
  3. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау.
  4. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету.
  5. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады.
  6. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.
  7. Бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын күніне 2 рет өлшей отырып, медицина қызметкерлерін тұрақты медициналық бақылауды белгілейді.
  8. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.
  9. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

4-бөлім. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын аймақтарға бөлу

Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.

  1. «Лас» аймаққа мыналар жатады:

1) сүзгі;

2) изолятор.

  1. «Таза» аймаққа МСАК-тың қалған барлық үй-жайлары жатады.
  2. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

3) «таза» аймақтың құрамында шешінетін орын, ЖҚҚ беретін бөлме, сан.торап болуы тиіс.

4) «лас» аймақта ЖҚҚ шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары мен сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.

  1. «Лас» аймақтың қызметкерлері үшін «таза» аймақты қарастыру қажет. Осы «таза» үй-жайлар сүзгінің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде орналастырылуы тиіс. Бұл ретте оларға кіру ЖҚҚ-ны шешу және өңдеу үшін шлюз арқылы болуы тиіс.
  2. «Лас» аймақ қызметкерлерінің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуіне, кәсіби мәселелерді талқылауына, құжаттармен жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына және сусындар ішуіне және т. б. «таза» үй-жайларда ғана жол беріледі.
  3. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.
  4. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында персоналдың орнын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
  5. Лас аймақтағы персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.
  6. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персоналы ЖҚҚ-сыз «лас» аймаққа жіберілмейді.
  7. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында МСАК ұйымының негізгі кіреберісі арқылы «сүзгіге» кіруге жол берілмейді.
  8. МСАК ұйымына кіреберісте сүзгінің орналасқан орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады.
  9. МСАК ұйымдарының үй-жайына дене температурасы жоғары адамдардың кіруіне жол берілмейді.
  10. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады.
  11. Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе инфекциялық стационарға жатқызылады.
  12. МСАК ұйымдарында күндізгі қабылдауларды және пациенттердің үйіне баруды жүзеге асыру тек медицина персоналы тиісті ЖҚҚ-мен жарақтандырылғанда және медицина персоналы ЖҚҚ-ны пайдалану және кәдеге жарату қағидаларына оқытылғанда ғана мүмкін болады.
  13. Пациенттерді қабылдау алдын ала жазылу бойынша ғана жүзеге асырылады. Пациенттердің МСАК ұйымының дәлізінде немесе холлында дәрігердің қабылдауына өз кезегін күтуге жол берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдарын «лас» және «таза» аймақтарға бөлудің ұсынылатын схемалары

 

Бөлімшеге 1 кіретін есігі бар нұсқа                        Бөлімшеге 2 кіретін есігі бар нұсқа          

 

 

Модульдік инфекциялық стационардың схемасы

Стационарға негізгі

кіретін жер

 

Медицина персоналы үшін бөлінген таза аймағы бар бөлімше

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№38 қаулысына

3-қосымша

 

 COVID-19кезіндежеке қорғаныш құралдарын

пайдалану алгоритмі

 

Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет.

Медициналық  ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет.

Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын  сақтауы қажет.

Жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) - бұл оларды киетін адамды инфекция жұқтырудан қорғауға арналған арнайы түрде құрастырылған киім және жабдық (қорғаныш көзілдірігі, бет қалқаншалары, респираторлар).

ЖҚҚ жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байдланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет.

ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).

           1-кесте

Қорғау деңгейі

ЖҚҚ компоненттері

1-қорғау (барынша аз)

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Тәуекелдәрежесіне байланысты респиратор (N95 немесе FFP3) немесе бір рет қолданылатын медициналық маска

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламы бар халат

Нитрил/латекс  қолғаптар

2-қорғау  (орташа)

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

N95 немесе FFP3 респираторы

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламы бар халат немесе бір рет қолданылатын капюшоны бар қорғаныш комбинезоны

Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет.

Нитрил/латекс  қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауыстыратын жұмыс аяқ киімі

3-қорғау  (барынша жоғары)

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Тәуекел дәрежесіне байланысты ауаны мәжбүрлеп беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе N99, FFP3 типті респираторлар

Бір рет қолданылатын капюшоны бар қорғаныш комбинезоны немесе жеңі ұзын және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырауы қаупі кезінде алжапқыш қажет.

Нитрил/латекс  қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауыстыратын жұмыс аяқ киімі

 

№2 қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тапшы болған жағдайда медициналық маскаларды тағуға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс.  Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады.     

Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFP3 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша киюге рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді.

Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.

Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады.

СОVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты  болады (2-кесте).

2-кесте

COVID-19 инфекциясы кезінде жағдайларға,

персонал және қызмет түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау жөніндегі ұсынымдар

 

Байланыста болу шарттары

 

Медицина персоналы немесе пациенттер

Қызмет түрі

Ұсынылатын ЖҚҚ түрі

Амбулаториялық мекемелер

Науқастарды медициналық ұйымдарда сұрыптау (емхана алдында немесе оғанкіреберісте физикалық кедергілер орнату (мысалы, шыны немесе пластик терезелер)

Медицина қызметкерлері

Тікелей байланыссыз алдын ала скрининг

Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау.

ЖҚҚ: қалауынша бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Медициналық маска

Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Ауысымды жұмыс аяқ киімі

Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет

Пациенттер

Кез келген

1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау.

Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса.

Дәрігердің қабылдау  бөлмесі(консультация беру кабинеті, «сүзгі» кабинеті)

Медицина қызметкерлері

Респираторлық белгілері бар және/немесе COVID-19 күдігі бар пациентті медициналық тексеру

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3

Жұмыс киімі (медициналық костюм)

Ұзын жеңді және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Дәрігердің қабылдау  бөлмесі(консультация беру кабинеті)

Медицина қызметкерлері

Респираторлық белгілері жоқ және/немесе COVID-19 күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру

ЖҚҚ: қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын

Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Қауіпті бағалауға сәйкес тексеру және/немесе медициналық манипуляция жүргізу кезінде нитрил/латекс қолғаптар

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

 

Кіші медицина персоналы

 

ЖҚҚ: қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын

Медициналық маска

Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Тығыз қолғап (шаруашылықта қолданатын резеңке)

Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі

* Сүзгі кабинетінде және пациентті сұрыптау аймағында жұмыс істеу кезінде бетке арналған қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет. Ұзын жеңді және байламы бар тоқылмаған  материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Әкімшілік үй-жайлар

Медициналық ұйымның қызметкерлері

Пациенттер болмайтын аймақ

Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау.

Медициналық маска

Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Үй ошағы

Медицина қызметкерлері

Пациентті медициналық тексеру

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім (қалауынша)

Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы

Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында бір рет қолданылатын халатты міндетті түрде ауыстыру қажет

Медицина қызметкерлері

Байланыста болғандардан немесе науқастан ПТР-ға үлгіні іріктеу

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім (қалауынша)

Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы

Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

* Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында бір рет қолданылатын халатты міндетті түрде ауыстыру қажет

Пациенттер

Медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде

Кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау.

Медициналық маска, егер ол оны қолдана алса

COVID-19-ға күдікті, ықтимал және расталған жағдайлары бар пациенттерді емдеуге жатқызуға арналған медициналық ұйымдар

Пациент палатасы

 

Медицина қызметкерлері

CОVID-19-ға күдікті немесе расталған науқастарға тікелей медициналық көмек көрсету.

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Респиратор N95 немесе FFP3

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат

Егер халат сұйықтықтардың шашырауына төзімді болмаса, алжапқыш қажет.

Нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Медицина қызметкерлері

Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты  емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, трахеостомия, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) және қарқынды терапия бөлімшесі

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Тәуекел дәрежесіне байланысты бар болса  ауаны мәжбүрлеп беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе N99, FFP3 типті респираторлар

Жұмыс киімі (медициналық костюм)

Капюшоны бар бір рет қолданылатын суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет

Нитрил/латекс қолғаптар

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Пациенттер

 

Кез келген

Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса

 

Кіші медицина персоналы

COVID-19 науқас палатасына кіру

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

N95 немесе FFP3 респираторы

Жұмыс киімі (медициналық костюм)

Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Егер халат сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет. Тығыз резеңке қолғап (шаруашылыққа арналған)

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі

* Техникалық персонал тазалау кезінде палаталар арасында қолғап пен бір рет қолданылатын халатты ауыстыруы керек

COVID-19 күдікті немесе расталған жағдайы бар пациенттерге хирургиялық және акушерлік көмек көрсету кезінде

Медицина персоналы

Операция және босандыру блогы

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Бар болған кезде мәжбүрлі ауа беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе тәуекел дәрежесіне байланысты клапансыз N95, FFP2, N99, FFP3 типті респираторлар Жұмыс киімі (медициналық костюм)

Капюшоны бар бір рет қолданылатын суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет.

Нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныштық көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

* Операциялық алаңның стерильділігінің бұзылуына байланысты клапанды респираторларды пайдалану ұсынылмайды.

 

Науқастарды тасымалдау

Медицина қызметкерлері

Стационар ішінде (мысалы КТИ, ФГ және т. б. үшін тасымалдау)

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім (қалауынша)

Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы

Жұмыс киімі (медициналық костюм)

Ұзын жеңді және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Пациент

Медициналық маска, егер ол оны қолдана алса

Мүмкіндігінше 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау

Зертхана, медициналық ұйымдар

Медицина қызметкерлері

Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін сынамалар іріктеу

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы

Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Нитрил / латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

* Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады

Таза аймақ

Пациенттер жоқ әкімшілік аймақ

Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы техникалық персонал

Пациенттің күтіміне байланысты емес кез келген

Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау.

Медициналық маска

Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Инфекциялық емес стационарлар

Науқастарды стационарға кіреберісте қабылдау бөліміне дейін сұрыптауды ұйымдастыру, сұрыптаудың медицина персоналын ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету, физикалық кедергілерді (мысалы, шыны немесе пластикалық терезелер) орнату және кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау ұсынылады.

ЖҚҚ: қалауынша бір рет қолданылатын медициналық бас киім. Медициналық маска.Жұмыс киімі, Ауысымдық жұмыс аяқ киімі. Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныш көзілдірікті немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет

Респираторлық инфекция белгілері бар науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі

Медицина қызметкерлері

Респираторлық симптомдары бар пациентті медициналық тексеру

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3

Жұмыс киімі (медициналық костюм)

Ұзын жеңді және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Нитрил/ латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Пациенттер

Кез келген

Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса

Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі

Медицина қызметкерлері

Медициналық тексеру

Қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын

Медициналық маска

Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латексті қолғаптар

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Пациент палатасы

 

Медицина қызметкері

Пневмониясы бар немесе COVID-19 жоққа шығармайтын науқастарға медициналық көмек көрсету

Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты  емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, кеңірдектің қабынуы, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия)

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Тәуекел дәрежесіне байланысты респиратор N95 немесе FFP3

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат немесе бір рет қолданылатын капюшоны бар қорғаныш комбинезон 

Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет

Нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Медицина қызметкері

Респираторлық симптомдары жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру және күту

Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау.

Қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын

Медициналық маска

Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латекс қолғаптар

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Кіші медицина персоналы

 

Респираторлық белгілері бар пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды жинау кезінде ЖҚҚ инфекциялық стационарларда да осыған ұқсас қолданылады

Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19 күдігі жоқ пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды тазалау кезінде: қалауы бойынша бір рет қолданылатын медициналық қалпақ пайдаланылады

Медициналық маска

Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Зертхана, медициналық ұйымдар

Медицина қызметкерлері

Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеуге сынама алу

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім (қалауы бойынша)

Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы

Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Нитрил/ латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

* Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады

Әкімшілік үй-жайлар

Медицина қызметкерлерін қоса алғанда, барлық персонал.

COVID-19 науқастарымен байланыс жасауды көздемейтін әкімшілік іс-шаралар

Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау.

 Медициналық маска

Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Шекараны кесіп өту пункттері (кіру-шығу)

Әкімшілік үй-жайлар

 Барлық персонал

Кез келген

ЖҚҚ: медициналық маска және қолға арналған антисептиктер

Скринингке арналған үй-жай

Персонал,  СКП қызметкерлері

 

Тікелей байланыссыз бірінші скрининг (температураны өлшеу)

Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау.

ЖҚҚ: Медициналық маска

Физикалық кедергіні (пластикалық немесе шыны қалқалар) пайдалану ұсынылады

Физикалық кедергілер болмаған кезде қорғаныш көзілдірігін немесе бетке арналған қорғаныш қалқанын пайдалану қажет

Қол антисептиктерін қолдану

Медицина қызметкерлері, Персонал

Екінші скрининг (яғни, температурасы бар пациенттерден COVID-19 инфекциясын және сапардың анамнезін көрсететін клиникалық симптомдардың болуы туралы сұрау)

Медициналық маска

Пациентпен тікелей байланыс кезінде бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат

Пациентпен тікелей байланыс кезінде нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Техникалық персонал (жинау)

Температурасы бар жолаушылар скринингі үй-жайларын (санитариялық үй-жайларды) жинау

Медициналық маска

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат

Көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қаупі болғанда).

Тығыз қолғап

Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім

Уақытша оқшаулау үй-жайы

Персонал

Оқшаулау үй-жайы және қажет болған жағдайда жолаушыға медициналық ұйымға тасымалдау үшін көмек көрсету

Бір рет қолданылатын медициналық бас киім (қалауы бойынша)

Медициналық маска

Пациентпен тікелей байланыста болған кезде ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат

Пациентпен тікелей байланыста болған кезде нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған жұмыс аяқ киімі

Техникалық персонал

Оқшаулауға арналған үй-жайларды жинау

ЖҚҚ: Медициналық маска

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат

көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қаупі болғанда).

Тығыз қолғап

Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім

Медициналық ұйымдардағы жедел жәрдем машинасы немесе көлік құралы

Медицина қызметкерлері

COVID-19-ға күдікті  пациенттерді тасымалдау

Қалауынша бір рет қолданылатын медициналық бас киім

Респиратор N95 немесе FFP3

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат

Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет

Нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

Медицина қызметкерлері

Респираторлық инфекция белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқпациенттерді тасымалдау

ЖҚҚ: Қалауынша медициналық бір рет қолданылатын бас киім 

Тәуекел дәрежесіне байланысты нитрил/латекс қолғаптар

Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

Жүргізуші

Жүргізуші кабинасын COVID-19 пациенттен оқшаулау жағдайында CОVID-19 инфекциясына күдікті пациентті тасымалдауды жүзеге асыруға ғана қатысатын

Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау.

Медициналық маска

COVID-19 инфекциясына күдікті науқасты отырғызу және түсіруге көмек көрсету

Медициналық маска

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат

Нитрил/латекс қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан

Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі

COVID-19 күдікті пациентпен тікелей байланыс болмаған жағдайда, бірақ жүргізуші кабинасын пациент үй-жайынан оқшаулау жоқ.

ЖҚҚ: N95 немесе FFP3 респираторы

COVID-19 инфекциясына күдікті науқас

Медициналық ұйымдарға тасымалдау

ЖҚҚ: егер пациент оны пайдалана алса, медициналық маска

Техникалық персонал

СОVID-19-ға күдікті пациенттерді тасымалдаудан кейін және тасымалдау арасында жинау

N95 немесе FFP3 респираторы

Жұмыс киімі (медициналық костюм)

Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат

Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар

Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны

Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі

Карантиндік стационардың үй-жайы

Қызметкерлер, пациенттер

Кез келген

Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау.

 Медициналық маска

 Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм)

COVID-19 ошақтарын эпидемиологиялық тергеп-тексеру

Үй ошағы, ұйымдасқан ұжымдағы ошақ

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары

Эпидемиологиялық тергеп-тексеру (науқас пен байланыста болғандарға сауал жүргізу, оқшаулау мүмкіндігін бағалау, байланыста болғандар шеңберін айқындау, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және т. б.)

ЖҚҚ: медициналық маска,

қолға арналған нитрил/латекс қолғаптар мен антисептиктер.

Кемінде 1,5 м әлеуметтік қашықтықты сақтау

 

Медициналық ұйымға және зертханаға барған кезде ЖҚҚ баратын ұйымның тәртібі бойынша қолданылады

         

 

Жеке қорғаныш құралдарын кию және шешу тәртібі

 

            І. ЖҚҚ-ға қойылатын жалпы талаптар

ЖҚҚ пайдалану орнына жақын таза аймақта орналасуы тиіс, ластануды болдырмау үшін таза, құрғақ жерде қауіпсіз сақталады.

Үй ошағына барған кезде ЖҚҚ қолданар алдында оны таза контейнерде тасымалдау керек. Үй ошағында пайдаланғаннан кейін шығатын жерде шешіледі және В класындағы қалдықтарға арналған сары пакетке салынады.

Егер өндіруші көрсетпесе немесе қайта пайдалану үшін келісілмесе, ЖҚҚ бір рет қолданылады.

ЖҚҚ әр пациенттен кейін және / немесе процедура немесе медициналық манипуляция аяқталғаннан кейін бірден өзгереді. Зақымдалған немесе ластанған кезде ЖҚҚ-ны дереу ауыстыру керек.

Егер қорғаныш көзілдірігі / қорғаныш қалқандары / комбинезон сияқты қайта пайдалануға болатын ЖҚҚ пайдаланылса, ЖҚҚ өндірушінің нұсқауларына сәйкес әр қолданғаннан кейін зарарсыздандырылуы керек.

ЖҚҚ персоналдың киім мөлшеріне сәйкес таңдалуы тиіс. ЖҚҚ медициналық жұмыс костюмінің үстіне киіледі.

ЖҚҚ таза аймақта киіледі. Лас аймақта медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді. ЖҚҚ кию және шешу аймағында қолды өңдеуге арналған антисептиктер болуы тиіс.Таза аймақта адамның бойымен бірдей айна болуы керек.

Лас аймақта В сыныбының медициналық қалдықтарын жинауға арналған таңбаланған контейнер (пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауға арналған), қол жууға арналған раковина және қолды өңдеуге арналған антисептиктер болады.

ЖҚҚ-ны кию ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі. Медицина қызметкері науқастың палатасына кіргеннен кейін жауапты адам таза аймақта күту керек. Егер жауапты адам болмаған жағдайда қызметкер көзбен шолып бақылауды жүзеге асыра отырып, айна алдында киінеді.

ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адам – бұлЖҚҚ-ны кию/шешу техникасына және биологиялық қауіпсіздік шараларына оқытылған медицина қызметкері. Ол ЖҚҚ-ны кию және шешу кезінде көзбен шолып бақылауды жүзеге асырады.

 

  1. №1 қорғау деңгейі.

ЖҚҚ-ны кию

ЖҚҚ-ны кию алдында қолды сабынмен жуып, спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеу қажет.

1) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз.

2) Арқасында байламдары бар тоқылмаған материалдан бір рет қолданылатын халатты киіңіз. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолдарын білек ұшына дейін толық жабады және арқасында байланады. Мойны мен белінде түймеленеді немесе байланады.

3) Жауапты адам халаттың арқа мен белді толық жабуын бақылайды.

4) Егер сіз оптикалық көзілдірік киген болсаңыз, оны респиратор кигенше шешіңіз. Көзілдірік линзаларын спиртті салфеткамен сүртіңіз. Респираторды киіңіз және оның бетке тығыз жанасуына көз жеткізіңіз. Респиратор пайдаланылатын бет қалқаншасына сәйкес келуі тиіс. Респиратордың жанасуын қамтамасыз ету үшін екі саусақпен мұрын клипсін қысыңыз. Респиратордың жанасуын тексеру үшін бірнеше дем шығарыңыз. Көзілдіріктің имек тұтқасын респиратордың байланымының артына салып, оптикалық көзілдірікті киіңіз. Жауапты адам  респиратор байламдарының желкеде орналасуының дұрыстығын тексереді.

5) Қолайлы өлшемдегі стерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатынына көз жеткізіңіз. Палатаға кіреберісте жауапты адам соңғы тексеруді жүргізеді.

  • Қолыңызды беттен алыс ұстаңыз
  • Өзіңіз ұстайтын беттердің санын шектеңіз
  • Егер олар бүлінген немесе қатты ластанған болса, қолғапты ауыстырыңыз
  • Қол гигиенасы қағидаларын сақтаңыз.

ЖҚҚ-ның бүтіндігі бұзылған жағдайда, ол құсық массаларымен немесе науқастың басқа бөлінділерімен ластанған жағдайда палатадан кетіңіз.

 

ЖҚҚ-ны шешу

Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешуге арналған аймаққа шығады.

            1) Ластанған беттерді ұстамай қолғапты шешеді, қолғапты медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салады.

  • Қолғаптың сыртқы жағы ластанған!
  • Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
  • Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз.
  • Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз.
  • Қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз.

2) Қолды спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.

3) Халаттың байлауын үзіп, халатты ластанған жағымен ішке қарай бұрап шешіңіз.

  • Халаттың алдыңғы бөлігі мен жеңдері ластанған!
  • Егер сіздің қолыңыз халатты шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
  • Байлауды шешу кезінде жеңдердің денеңізге тимеуін қадағалай отырып, халат байламдарын шешіңіз.
  • Халаттың тек қана ішкі жағын ұстап, халатты мойын мен иықтан сыртқа тартыңыз.
  • Халаттың сыртын айналдырыңыз.
  • Халатты жинаңыз немесе түйіндеп байлаңыз және медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.

4)  Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.

5) Медициналық масканы немесе респираторды шешіңіз.

  • Медициналық масканың/респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған — ҰСТАМАҢЫЗ!
  • Егер сіздің қолыңыз медициналық масканы/респираторды шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
  • Медициналық масканың/респиратордың төменгі байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей шешіңіз.
  • Медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.

6) Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.

7) Бас киімді шешіп, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.

8) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолыңызды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.

Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.

 

  1. №2 қорғау деңгейі.

ЖҚҚ-ны кию

1) Қолды сабынмен жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.

2) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз.

3) Респираторды киіңіз (N95 немесе FFP2). Екі саусақпен мұрынға респиратор клипсін басыңыз. Бірнеше дем шығарып, респиратордың тығыз орналасқанына көз жеткізіңіз. Егер сіз оптикалық көзілдірікті киген болсаңыз, оларды респиратор кигенше шешіңіз, көзілдірік линзаларын спирттік салфеткамен сүртіңіз.

4) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқаншасын киіңіз, оларды реттеңіз. Егер бет қалқаншасы болмаса, қорғаныш көзілдірігін оптикалық көзілдіріктің үстінен киеді.

5) Арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халатты пайдаланған кезде. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолды білектің ұшына дейін толығымен жабады және артқы жағына байланады. Мойын мен белге бекітіледі немесе байланады.

6) Комбинезонды пайдаланған кезде. Тоқылмаған материалдан жасалған капюшоны бар қорғаныш комбинезонын ашыңыз. Комбинезон сырғытпасын ашып, оны жоғарыға қарай жылжытыңыз. Комбинезонның оң және сол жақтарын тізбектеп киіңіз. Комбинезонның жоғарғы жағын түзеп, жеңін киіңіз. Комбинезонның сырғытпасын иекке дейін сырғытыңыз. Капюшонды киіңіз. Комбинезон сырғытпасын соңына дейін жабыңыз. Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасынан қорғаныш пленкасын алып, оларды оған жапсырыңыз, сырғытпасы мен жағасын жабыңыз.

7) Қолайлы мөлшердегістерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатындығына көз жеткізіңіз.

8) Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.

 

ЖҚҚ-ны шешу

Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады.

1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз.

2) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

  • Қолғаптың сыртқы жағы ластанған!
  • Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
  • Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз.
  • Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз.
  • Үстіңгі қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз.

3) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз.

4) Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасын алып, сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның капюшонын шешіңіз. Комбинезон жеңдерін лас жағымен ішіне қарай айналдырып, комбинезонның жеңдерін шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып, оны толық шешіңіз және оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.  Егер су өткізбейтін бахилаларды пайдалансаңыз, оларды киіммен бірге шешіңіз.

5) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз.

6) Егер сіз тоқылмаған материалдан жасалған, арқасында байламы бар бір рет қолданылатын халатты пайдаланған болсаңыз, шешу тәртібі № 1 қорғау деңгейінде көрсетілген.

7) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын шешіңіз.

  • Көзілдіріктің сыртқы жағы немесе қалқан ластанған!
  • Егер қолыңыз көзілдірікті немесе қалқаншаны шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
  • Бастағы бауларын немесе көзілдірік тұтқасын көтеріп, көзілдірікті немесе қалқаншаны артқы жағынан бастап шешіңіз.
  • Егер қорғаныш көзілдірігі немесе қорғаныш қалқаншасын қайта пайдалануға болатын болса, оны өңдеуге арналған арнайы контейнерге салыңыз. Егер олай болмаса, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.

8) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз.

9) Респираторды шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

  • Респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған — ҰСТАМАҢЫЗ!
  • Егер қолдарыңыз респираторды шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
  • Медициналық масканың/респиратордың төменгі жақтағы байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей алып шешіңіз.

10) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз.

11) Медициналық бас киімді шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдейді.

Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.

            Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.

 

  1. №3 қорғау деңгейі.

Ауаны мәжбүрлеп беретін респираторды пайдалану арнайы даярлықтан өтуді талап етеді.

Әр түрлі өндірушілердіңреспираторлары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін, ұйымыңызда қабылданған стандартты операциялық рәсімдерді орындаңыз.

 

ЖҚҚ-ны кию

1) PAPR батареясының толық зарядталғанына көз жеткізіңіз.

2) қолды сабынмен жуып, оны спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.

3) тоқылмаған материалдардан жасалған капюшонсыз бір рет қолданылатын комбинезонды ашыңыз.

4) комбинезон шалбарынан алмай, етікті киіңіз, содан кейін жоғары тартып комбинезонды киіңіз.

5) қолдың үлкен саусағын комбинезон жеңдерінің манжеті жанындағы саңылауға кигізіңіз. Комбинезон сырғытпасын салыңыз.

6) нитрил/латекс қолғапты  комбинезон манжеттерін жабатындай етіп киіңіз.

7) ауа үрлеуіш қозғалтқышы бар белдікті киіңіз.

8) қажет болған жағдайда алжапқыш киіңіз.

9) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес батареяны тиісті ұяшыққа салыңыз (егер қолданылса).

10) жауапты адам ауа беру түтігін ауа үрлегішпен қосады. Респиратор шлемін (немесе капюшонды) ауа беру түтігімен жалғаңыз. Ауа ағыны индикаторының жұмысын тексеріңіз.

11) PAPR шлемін (немесе капюшон) киіңіз. Жауапты адам оны ауа беру түтігімен жалғайды.

 

ЖҚҚ-ны шешу

Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады.

1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.

2) Дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған кілемшеге тұрыңыз.

3) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

  • Қолғаптың сыртқы жағы ластанған!
  • Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
  • Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз.
  • Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз.

4) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.

5) Комбинезон сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып шешіңіз. Оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

6) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.

7) PAPR шлемін (капюшон) ауа беру түтігімен қосылған жерден ұстап тұрып шешіңіз. Шлемді (капюшонды) қолыңызда ұстап тұрып, ауа беретін түтіктен ажыратыңыз. Дезинфекция аймағына өтіңіз

8) Ауа үрлеуіші мен ауа беру түтігімен қосылған белдікті шешіңіз.

9) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. Қолғаптың таза жұбын киіңіз.

10) Қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес PAPR компоненттерін дезинфекциялаңыз.

11) Спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.

12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдейді.

Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.

            Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№38 қаулысына

4-қосымша

 

Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмі

 

І. Қорғаныш маскаларын кию

  1. Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кию міндетті:

- қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда;

- қоғамдық орындарда 5 жасқа дейінгі балаларды және жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 адамнан аспайтын ашық ауада;

- COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері (безгегі, жөтел, түшкіру) бар адамдар.

Бұл ретте осы тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бұзушылық болған жағдайда кінәлілерге әкімшілік шаралар қолданылады.

  1. Медициналық және матадан тігілген маскаларды (бұдан әрі – маскалар) қалай қолдануға болады

1) Бір рет қолданылатын маскалар бір рет пайдаланылады;

2) Масканы аузын, мұрнын және иегін жабатындай етіп кию керек. Бұл жағдайда ол тығыз бекітілуі керек. Егер маскада баулары болса, оларды мықтап байлау керек.

3) Маскада арнайы қатпарлар болған кезде оларды ашу керек, ал мұрын аймағында тігілген икемді пластина болған жағдайда, оны бетке неғұрлым толық жанасуды қамтамасыз ету үшін мұрынға мықтап бүгу керек.

4) Масканы қолданған кезде сүзгілеу бетіне қолды тигізбеу керек.

5) Медициналық ұйымдарда және үй карантиніндегі адамдар масканы кемінде 2 сағатта 1 рет ауыстыру керек.

6) Егер маска дымқыл немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киіңіз. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдаланбаңыз.

7) Пайдалану кезінде медициналық масканы ұстамаңыз. Медициналық масканың сүзгіш жағынан ұстамай, резеңкесінен (байлау) шешу керек. Медициналық масканы шешкеннен кейін бетіңізді ұстамаңыз және қолды бірден жуыңыз. Бұл сіз масканың бетін кездейсоқ ұстаған болсаңыз да, вируспен байланысты болдырмауға көмектеседі.

8) Инфекцияның матадан тігілген маскалар арқылы таралуын болдырмау үшін оларды жиі жуып, ұқыпты ұстау керек. Матаның тозуының айқын белгілері болған кезде оны ауыстыру керек.

 

ІІ. Бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарын қалай кәдеге жарату керек

  1. Жағдайға, персоналға және қызмет түріне байланысты COVID-19 инфекциясы кезінде ЖҚҚ-ны таңдау, COVID-19 кезінде ЖҚҚ пайдалану алгоритмі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. COVID-19 аурулары бар карантиндік орталықтарда, инфекциялық стационарларда, COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар және COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар пайдаланған ЖҚҚ «В» сыныбының қалдықтары (төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде зарарсыздандырылуға және жойылуға жатады.
  3. Карантиндік орталықтарды, инфекциялық стационарларды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылған ЖҚҚ-ны «Б» сыныбының қалдықтары (эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде тастауға жатады. Барлық медициналық ұйымдарда COVID-19-ға күдікті немесе расталған пациент анықталған кезде пайдаланылған ЖҚҚ «В» сыныбының қалдықтары (төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде зарарсыздандыруға және жоюға жатады. Осы мақсатта барлық бөлімшелерде «Б» сыныбының, сондай-ақ «В» сыныбының пакеттері мен ҚЖКЖҚ жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.
  4. Пайдаланылған ЖҚҚ салынған пакеттер «Б» сыныбының қалдықтары (эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде мамандандырылған кәсіпорындармен шығарылады және кәдеге жаратылады.
  5. Қызметкерлері санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды (көшелерді патрульдеу, үй-жайларды және қоғамдық орындарды дезинфекциялау бойынша) жүргізуге тартылған ұйымдар мен объектілерде, оның ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер пайдаланған ЖҚҚ жинауға арналған пакеттерді уақытша сақтау үшін арнайы орын бөлінуі тиіс.
  6. Тартылатын персоналмен ЖҚҚ-ны қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқау, пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауға арналған пакеттерді уақытша сақтау орнымен танысу жүргізіледі.
  7. Үй жағдайында пайдаланылған медициналық маскаларды (соның ішінде түшкіргенде және жөтелгенде пайдаланылған сулықтарды) жеке пакетке жинап, оны тығыз және герметикалық жабу керек және содан кейін ғана қоқыс шелегіне лақтыру керек.

Халық пайдаланатын медициналық маскалар «А» сыныбының медициналық қалдықтарына (қауіпті емес медициналық қалдықтар, ҚТҚ сияқты) жатады және полигондарға шығарылады.

  1. «Б» және «В» сыныптарының қауіпті медициналық қалдықтарын тасымалдауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

  5-қосымша

 

 

І. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптар

 

  1. Сауда объектісінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларына қойылатын талаптармен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
  2. Кіреберісте (ресепшн, күзет пункті) дене температурасын бақылауды сауда объектісінің қызметкері барлық қол жетімді кіреберістерде байланыссыз немесе байланыс тәсілімен жүзеге асырады.
  3. Сауда объектісінің аумағына маскасыз кіруге және болуға жол берілмейді.
  4. Объекті әкімшілігі мен жауапты адамдар келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауын қадағалайды.
  5. Ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау, касса маңы аймақтарында және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, киім ілетін орындар және т.б.), сондай-ақ әрбір бутик пен сауда орнының алдында адамдар көп жиналатын орындарға жол бермеу үшін қоршаулар мен тосқауыл таспалардан еден таңбаларын, сондай-ақ ирек белгі салу қамтамасыз етіледі.
  6. Сауда объектілерінің әкімшілігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда (сауда алаңының 4 шаршы метрі 1 адамға шаққанда) келушілердің объектіні толтыруын қамтамасыз етеді.
  7. Сауда объектісінің әкімшілігі сатушылар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтыруды қамтамасыз етеді.
  8. Сауда объектілерінің әкімшілігі келушілердің рұқсат етілген саны туралы көрнекі ақпаратты әрбір бутикке кірген кезде қолжетімді жерде орналастырады.
  9. Тауарлар сататын адамдар сауда аймақтарында (бутиктерде) сауда алаңының 4 шаршы метріне1 адам есебінен әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
  10. Санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радиотрансляция кемінде 60 минутта 1 рет жүзеге асырылады.
  11. Сауда объектісінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етеді:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау)жауапты адамды айқындау;

2) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір бутикте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

3) жұмыскерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама өткізу;

4) жеке гигиена құралдарымен санитариялық тораптар (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

5) халыққа қызметті антисептиктермен қолды өңдеу арқылы маскамен көрсету;

6) әрбір 2 сағат сайын желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, сауда объектілерінің ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;

7) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі;

8) пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтау;

9) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидті әсері бар құралдармен дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішетін, демалатын бөлмелерді, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет ылғалды жинауды жүргізу;

10) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолынөңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, қолғаптардың, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бес күндік) қоры;

11) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберу;

12) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылған күйінде сақтау. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

13) табиғи желдету болмаған жағдайда ауаны зарарсыздандыру қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған жағдайда, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып, адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі. 

 

ІІ. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде 

сауда-ойын-сауық кешендеріне (орталықтар, моллдар)қойылатын талаптар

 

  1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы адамдардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
  2. Кіреберісте қызметкерлер мен персоналдың дене температурасын байланыссыз бақылауды сауда объектісінің қызметкері (ресепшн, күзет пункті) барлық қол жетімді кіреберістерде жүзеге асырады.
  3. Сауда объектісіне маскасыз кіруге, сондай-ақ сауда объектісінің аумағында болуға жол берілмейді.
  4. Сауда объектісінің күзет қызметі және еріктілер қызметі келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) бақылайды.
  5. Касса жанындағы аймақтарда және қажет болған жағдайда кезектер пайда болатын басқа жерлерде (сантораптар, киім ілетін орындар), сондай-ақ әр бутик пен сауда орнының алдында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін еден белгілері, шектеу және тосқауыл таспалары орнатылады.
  6. Сауда объектісінің әкімшілігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, сауда объектісінің толықтырылуын қамтамасыз етеді.
  7. Сауда объектісінің әкімшілігі объекті ішінде сатып алушылардың әлеуметтік қашықтықты бұзуды болдырмайтын қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 шаршы метрге 1 адам).
  8. Сауда объектісінің әкімшілігі әрбір бутикте біржолғы рұқсат етілген келушілер саны туралы ақпарат беруге міндетті. Ақпарат әрбір бутикке кіреберісте көрінетін қолжетімді жерде орналастырылуы тиіс.
  9. Объектілердің жұмыскерлері әлеуметтік қашықтықты сақтауды ескере отырып, сауда бутиктерінің толтырылуын қамтамасыз етеді.
  10. Объекті әкімшілігі санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы 60 минутта кемінде 1 рет радиотрансляцияны (дауыс зорайтқыш арқылы хабарлауды) қамтамасыз етеді.
  11. Сауда-ойын-сауық кешендерінде (орталықтарында), сауда үйлерінде мәдени-бұқаралық, ұжымдық, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
  12. Жалпы міндеттермен және өндірістік процестермен байланысты емес жекелеген учаскелердің, бөлімдердің, ауысымдардың ұжымдары арасындағы байланыстарды шектеу қамтамасыз етіледі. Жұмыс ағындарын бөлу және ұжымды бөлу жұмыскерлерді жеке кабинеттерге орналастыру, бірнеше ауысымда жұмысты ұйымдастыру, әлеуметтік қашықтық принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырылады.
  13. ЖРВИ (дене температурасының жоғарылауы) белгілері бар қызметкерлер анықталған жағдайда науқастар медициналық мекемені бір мезгілде хабардар ете отырып, дереу оқшауланады.

 

III. Сауда объектілеріндегі фуд-корттардың қызметіне қойылатын талаптар

 

  1. Фуд-корттардың жұмыс істеуі фудкортта тез тамақтану кәсіпорындарын аралық қабырғамен бөле отырып қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық талаптарды сақтаған жағдайда қамтамасыз етіледі.
  2. Фуд-корттардың толтырылуы әлеуметтік қашықтық сақталған кезде 1 келушіге 4 ш.м. есебімен қамтамасыз етіледі.
  3. Фуд-корт аумағында адамдар көп жиналатын мәдени-бұқаралық, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар және т.б. өткізуге тыйым салынады.
  4. Еден белгілерін, шектегіштер мен тосқауыл таспаларын орнату, сондай-ақ көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үстелдер, орындықтарды орналастыру және бір үстелге 4 адамнан асырмай отырғызу арқылы келушілер, қызметкерлер арасында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету.
  5. Тамақ ішу жағдайларын, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, фудкорт аумағына маскасыз кіруге және болуға жол берілмейді.
  6. Жұмыскерлерде, сондай-ақ келушілерде респираторлық аурулардың белгілері болған кезде (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.)күні бойы байланыссыз термометриямен қамтамасыз ету.

Жұмыскерлерде ЖРВИ және тұмау симптомдары, сондай-ақ КВИ-ды жоққа шығармайтын симптомдар анықталған кезде оларды оқшаулауды қамтамасыз ету және жұмыстан шеттету қажет.

  1. Күн сайын қызметкерлердің термометрия нәтижелерін есепке алу журналын жүргізеді.
  2. Жұмыскерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу.
  3. Нұсқамаға жауапты адамды тағайындау, қорғау құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықтау және қадағалау, нұсқама журналын жүргізу, қорғау құралдарын ауыстыруды есепке алу және дезқұралдардың қорын толықтыру.
  4. Жұмыскерлер мен келушілердің қолдарын өңдеуге арналған тері антисептиктері бар санитайзерлер/диспенсерлер орнату.
  5. Дайын тағамдарды тамақ ішуге ыңғайлы, тиісті құжаттары, сертификаттары бар бір рет қолданылатын ыдыста беру.

Тамақ таратуды өзіне-өзі қызмет көрсетуді болдырмау мақсатында даяшылар жүзеге асырады.

  1. Әрбір келушіден кейін асхана үстелдерін, подностарын дезинфекциялық ерітіндімен сүрту арқылы өңдеуді жүргізу.
  2. Міндетті түрде дезинфекциялай отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинауды мынадай жиілікпен жүргізу: тамақтану залдарының едендері, сауда сөрелері - күніне 2 рет таңертең және кешке; есік тұтқалары, касса аппараттары, банк терминалы-сағат сайын.
  3. Жинау мүкәммалы жинау жүргізілгеннен кейін міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс және арнайы бөлінген орындарда сақталуы тиіс.
  4. Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдары қолданылады.
  5. Дезинфекциялау құралдарының, жеке қорғаныш құралдарының және басқалардың азаймайтын қорын қамтамасыз ету.
  6. Персоналдың жұмысы маскалар болған кезде жүзеге асырылады.
  7. Пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы таңбаланған контейнерлерге орталықтандырылған жинауды қамтамасыз ету.
  8. Келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
  9. Жеткізу шарттарына қойылатын санитариялық қағидалардың барынша барлық талаптарын сақтай отырып, халыққа онлайнсатып алу, тапсырыс беру және азық-түлікті, дайын тағамды жеткізу қызметтерін көрсету, бұл ретте сатып алушымен байланысты барынша азайту бойынша шаралар қабылдау қажет.

34.Осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

        6-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне қойылатын талаптар

 

  1. Автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:

1) алдын ала жазылу бойынша жұмыс кестесі;

2)автосалондар, ТҚС үшін жеке кіретін есігі бар жеке тұрған ғимарат немесе адам тұрмайтын ғимаратта (вулканизация, автожуу).

  1. Жұмыс процесі мынадай талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады:

1) COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритміне сәйкес автосалондар, авто бөлшектер дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (вулканизация, автожуу) персоналы арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;

2) COVID-19 бойынша карантин кезінде медицина қызметкері немесе ұйымның жауапты адамының қарап тексеруі кезінде жай-күй мен термометрияны сұрастыра отырып, қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркеп қамтамасыз ету;

3) болмау себебін анықтай отырып, жұмысқа шығу мониторингін күн сайын жүргізу;

4) маскаларды немесе респираторларды жұмыс күні ішінде, оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

5) қызмет көрсету орындарында антисептиктердің, әрбір объектіде дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың азаймайтын қорының болуы;

6) объектіде байланыссыз жұмысты енгізу үшін технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша пайдалану;

7) клиенттермен және азаматтармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды басым пайдалану;

8) келушілер қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл таспалар салу арқылы қызметкер мен клиент арасында қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

9) тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр алшақтықтың болуы;

10) персонал көп жиналатын учаскелердің жұмысын болдырмау (мүмкіндігінше жұмыс процесінің технологиясын қайта қарау);

11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ауысымда кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды,таяныштарды, жанасатын беттерді (жұмыскерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау;

12) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ету;

13) күту орындарында қашықтықты қамтамасыз ету.

  1. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар персонал тексеруге жіберіледі.
  2. Ғимараттарда персонал мен клиенттер автосалондардың, авто бөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету станцияларының (вулканизация, автожуу) үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда уақтылы ауыстыру (әр 2 сағат сайын) және қашықтықты сақтау шартымен медициналық маскаларды киюді жүзеге асырады.
  3. Ірі объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайлардатабиғи желдету болмаған жағдайда кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  2 қыркүйектегі

№38 қаулысына                                                                     

     7-қосымша

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметіне қойылатын талаптар

 

1.Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысудыжүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.

  1. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:

1) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);

2) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорының (кемінде бір апта) болуы.

3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

            4) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру, жөндеу жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;

5) персонал арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі, кварц шамдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу, олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;

6) ұйымға кірген кезде персонал мен келушілердің дене  температурасын байланыссыз немесе байланыс тәсілмен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді шұғыл шақыруды қамтамасыз ету;

7) объектіге кіру тек  жоғары температура мен инфекциялық аурулардың белгілері болмаған кезде ғана рұқсат етіледі;

8) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефон және басқа да заттарды өңдеуге арналған персонал мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;

9) жұмыс күні ішінде, медициналық маскаларды (әрбір 2 сағат сайын ауыстыру шартымен) пайдалану;

10) жұмыс үй-жайларында табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларынпайдалану арқылы ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдету арқылы адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі;

11) жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау, оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілеуді қамтамасыз ету;

12) тек маска киген келушілерді кіргізу;

13) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша);

14) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз ету.

  1. Объекті басшылығы клиенттер жиналатын «күту аймағын» болдырмай, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, келуші (клиент) мен жұмыскер (сұлулық салоны мен шаштараздан басқа) арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды, еденге тиісті белгілер салу, келушілердің қозғалыс бағыты үшін қоршаулар мен тосқауыл таспалары арқылыклиенттермен персоналдың тікелей байланысын барынша азайтуды, адамдар көп жиналатын орындарды болдырмауды қамтамасыз етеді.
  2. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жұмыскерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып жүргізіледі.
  3. Жұмыс орнында дайындалатын дезинфекциялау ерітінділері құралдың атауы, ерітіндінің шоғырлануы және оның дайындалған күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақталады.
  4. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау ерітінділері дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген шоғырлануға сәйкес дайындалады.

7.Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық масканы пайдалана отырып, дезинфекциялау іс-шараларын жүргізеді.

  1. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.

9.Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарға ғана жол беріледі.

10.Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

  1. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберектерін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.

12.Персоналды тамақ ішуі белгіленген орындарда жүргізіледі, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақтар бөледі.

  1. Химиялық тазалау және кір жуу орындарында: лас киім-кешекті шығару және клиенттің үйіне таза киім-кешекті жеткізу барынша қамтамасыз етіледі, жоғарыда көрсетілген тәсілмен қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, олар мен жұмыскердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып үй-жайда бір мезетте маскада 2 клиенттен аспауы, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайту қамтамасыз етіледі.
  2. Сұлулық салондарында, шаштараздарда:

1) клиенттік залда әлеуметтік қашықтықты (4 шаршы метрге 1 адам) және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, креслолар арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен келушілермен толтырылуы;

2) персоналдың әрбір келуші үшін құралдарды өңдеу қағидаларын сақтауы;

3) әрбір клиенттен кейін жуу құралдарымен бигудилерді, қысқыштарды, қалпақтар мен шашқа арналған торларды, қалпақтарды ағынды сумен өңдеу;

4) қырқылған шашты жабық қалақшаға тікелей креслоның жанында қақпағы бар сыйымдылыққа жинау, одан әрі кәдеге жарату және дезинфекциялау ерітіндісімен бүрку арқылы суландыру тәсілімен дезинфекциялау;

5) әрбір клиенттен кейін жұмыс орнын қосымша өңдеу қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№38қаулысына

           8-қосымша

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде халық үшін фитнесқызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптар

 

  1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.
  2. Объектінің әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:

1) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың, спорттық мүкәммалдың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) күрделі жинауды жүргізу;

2) ЖРВИ және тұмау белгілері бар қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында келушілердің, клиенттердің және қызметкерлердің кіреберісінде байланысатын немесе байланыссыз термометрия жүргізу, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, қатты қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері бар адамдар үшін жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін оқшаулау;

3) жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері болмаған кезде объектіге кіру қамтамасыз етіледі;

4) объектінің әкімшілігі клиенттік аймақта әлеуметтік қашықтықты (5 шаршы метрге 1 адам) сақтау мүмкіндігі есебінен келушілермен толықтырылуын қамтамасыз етеді;

5) үй-жайлардыңауданына байланысты алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз етеді;

6) объектінің аумағына маскасыз кіруге тыйым салынады;

7) спорттық жаттығуларды өткізу кезін қоспағанда, келушілердің киім ауыстыратын орынға дейін міндетті түрде маска киюі;

8)  алдын ала жазылу арқылы бір адамға 5 ш. м. есебінен жаттықтырушылардың санын шектей отырып, топтық сабақтар өткізуге жол беріледі;

9) қашықтықты бақылау үшін топтық бағдарламалар залдарында міндетті түрде белгі қоюды қамтамасыз етеді;

10) Олимпиадалық стандарт бассейндерінде бір адамға 5 шаршы метр су айнасы есебінен еркін жүзуге рұқсат етіледі;

11) тренажер залдарында кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып, жабдықты орналастыру және оған қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Тренажерлерді, мүкәммалды және беттерді өңдеу және дезинфекциялау әр сағат сайын жүргізіледі.

12) сондай-ақ желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

  1. Объектінің меншік иесі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды тағайындау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинауды;

2) кіреберісте, холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды;

3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігін, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау туралы нұсқама жүргізуді;

4) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

5) халыққа маскамен қызмет көрсетуді;

6) таңбаланған ыдыстарға (полиэтилен пакеттерге) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды жинауды;

7) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, сауда орталықтарының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін;

8)  қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, киім ауыстыратын орындардағы ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз етуі қажет. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды  қатаң сақтаған жағдайда үй-жайларды міндетті түрде желдету арқылы адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі.

9) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;

10) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) жуу және сақтауды;

11) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді;

12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды әрбір 3 сағат сайын вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізуді;

13) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын, қолғаптарды, өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу ағзаларының ЖҚҚ-сыныңазаймайтын (кемінде бес күндік) қорын;

14) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;

15) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

  1. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) кейіннен жинау, зарарсыздандыру және жою арқылы бір рет қолданылатын ыдыс пайдаланылады;

2) бөтелкедегі суды қоспағанда, спорт объектілеріне келушілерге дайын тағамдар мен сусындарды өткізуге жол берілмейді (толық күн болатын немесе тұрақты болатын спортшыларға арналған жаттығу базаларынан басқа);

3) жалпы тамақтану орындары үшін жалпы қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

4) жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді, тамақ арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде қабылданады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттарға арналған үй-жайлар бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан РеспубликасыныңБас мемлекеттіксанитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№38 қаулысына

                 9-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде

мәдениет объектілеріне (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, цирктер, мәдени-демалыс ұйымдары және басқалары)

қойылатын талаптар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы қосымшада іс-шаралардың мынадай сыныптамасы пайдаланылады:

1) мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шаралар - спектакльдер, концерттер, киносеанстар, театр, концерт, цирк қойылымдары, жарық проекциялық шоулар, конкурстар, фестивальдар, музейлерге, музей-қорықтарға, кітапханаларға және клуб мекемелеріне бару, шерулер, форумдар, конференциялар, көрмелер, клиенттік және корпоративтік іс-шаралар, тұсаукесерлер, тимбилдингтер;

2) жабық үй-жайлардағы іс-шаралар;

3) ашық аспан астындағы іс-шаралар (open air).

  1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.
  2. Әкімшілік персонал өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарта отырып, қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстырылады.
  3. Объектіге кіреберісте келушілердің, көрермендер мен қызметкерлердің жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері жоқ адамдарды объектіге жібере отырып, байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады.
  4. Ірі объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып, ауаны міндетті түрде зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

            Көлемі 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда кварц, бактерицидті шамдар және ауа рециркуляторларын пайдалану міндетті.

  1. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:

1) расталған COVID-19 жағдайларымен байланыста болғандар;

2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар.

 

2 -тарау. Театрларға, концерттік ұйымдарға қойылатын талаптар

 

  1. Ашылу алдында объектіде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмысы (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың, концерт залдарының, дайындық бөлмелерінің, музыкалық аспаптардың, реквизиттердің, декорациялардың және т.б. беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.
  2. Дайындық кезінде адамдардың саны кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен залдар бойынша бөлінеді.
  3. Объектінің аумағына маскасыз кіруге жол берілмейді. Объекті ғимаратында міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі.
  4. Кіру билеттерін сату кассалары арқылы сатуды қоспағанда, онлайн режимінде жүзеге асырылады.
  5. Әлеуметтік дистанциялауды қамтамасыз ету үшін, касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда (санитариялық тораптар, гардероб және т.б.) еденге белгілер орнатылады.
  6. Дайындық залдарында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жабдықтардың орналасуы немесе қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.
  7. Киім шешетін бөлмелерде персонал келушілерді бөлу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады және жұмыс күнінің соңында жетондарды дезинфекциялау құралдарымен өңдейді.
  8. Мәдениет объектілеріне келушілерге бөтелкедегі су мен сусындарды қоспағанда, тамақ өнімдерін сатуға жол берілмейді.
  9. Қызметкерлер сыртта залдардың немесе алаңдардың алдында 50 адамға 1 қызметкер есебінен қауіпсіз қашықтық бойынша кезекті үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Көрермен залының сыйымдылығы 100 отырғызу орнына дейін болатын театрларда 25 көрерменнен асырмай толтыруға жол беріледі.

  1. Сыртта келушілердің ағынын бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жерде тиісті белгілер, сондай-ақ қоршаулар мен ленталардан жасалған жолақшалар қарастырылады.
  2. Көрермендердің бір жерде жиналуына жол бермеу мақсатында іс-шаралар (бір актілі қойылым, антрактсыз концерт) үзіліссіз өткізіледі.
  3. Кіреберісте, холлдарда, фойеде, дәліздерде, лифттілерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.
  4. Объектінің әкімшілігі:
  • қызметкерлер мен әртістер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді; 
  • санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);
  • халыққа маскамен қызмет көрсетуді;
  • желдету режимін сақтап, профилактикалық тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын;
  • техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;
  • пайдаланғаннан кейін жинау құралдарын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;
  • әр 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді желдетуді;
  • өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, құралдарды, үстелдерді, орындықтарды, музыкалық аспаптарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялап, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды;        
  • үй - жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (бұдан әрі - ЖҚҚ) және қолғаптардың азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын;
  • дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді; 
  • дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған түрінде сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
  1. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін:
  • касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, гардероб, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін еденге белгілер орнатылады;
  • келушілерді ақпараттандыру мақсатында кіреберісте алаң бойынша жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады;
  • объектінің аумағында сілтеуіш, ескертетін көрсеткіштер (үш тілде) орнатылады;
  • келушілер (көрермендер) үшін алаңда болу бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді;
  • кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары жасалады.

Келушілерге (көрермендерге) қойылатын талаптар

  1. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады.
  2. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексеруінен өтеді;

Келушінің медициналық немесе матадан тігілген маскасы болмаған жағдайда, оны сол жерде таратуға болады.

  1. Залға кіру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1)  келушілер билетте көрсетілген көрермендер залындағы орындарға кезек тәртібімен, 2 метр қашықтықты сақтай отырып жіберіледі;

2)  келушілер объектінің кіреберісінің, холлының, фойесінің, дәлізінің периметрі бойынша қойылған таңбалар арқылы қатаң түрде қозғалады.

Көрермендер залында болу  қағидалары залдағы, фойедегі, объект дәлізіндегі мониторлар арқылы көрсетіледі.

Кіруді жауапты адамдар (контроллер) бақылайды.

  1. Зал аймағында (отырғызу):

1)  келушілер бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтай отырып, көрермендер залында отырады;

2)  концерт залына кіру жауапты адамдардың (контроллер) бақылауымен жүргізіледі.

Залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стенділер орналастырылады, залға кіреберісте антисептикалық құралдар орнатылады.

  1. Залдардан шығу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) келушілер көрсетілген бағыттар бойынша залдан 2 метр қашықтықта қауіпсіздік шараларын сақтай отырып шығады;

2)  концерт залынан шығару қатар-қатармен жауапты адамдардың (контроллер) бақылауымен жүргізіледі.

 

3-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде кинотеатрлардың қызметіне қойылатын талаптар

 

  1. Кинотеатр әкімшілігі қызметтерді сату орындарында, сондай-ақ қол жеткізуді бақылау орындарында адамдардың жиналуын болдырмау мақсатында мынадай шарттарды қамтамасыз етеді:

1) кіру билеттерін сату ресми сайтта немесе арнайы сервистерді пайдалана отырып онлайн жүзеге асырылады, кассалардан билеттерді сатып алу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі;

2) кіру билеттерін бақылауды ұйымдастыру жүйесі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, турникеттер бойынша кезекті бөле отырып, оңайлатылған схема бойынша жүзеге асырылады;

3) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

4) объектіге маскасыз кіруге жол берілмейді, келушілердің объект ғимаратында міндетті түрде маска киюі қамтамасыз етіледі;

5) кинозалда тамақ пен сусынмен кіруге тыйым салу.

  1. Қызмет көрсетуші және техникалық персонал жұмысқа тек маскамен жіберіледі.
  2. Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинауды жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);
  3. Ұйымға кіреберісте персонал мен келушілердің дене температурасын жанаспайтын немесе жанасатын тәсілмен (электронды, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын тепловизорлар) бақылау. Жіті инфекция белгілері болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді.
  4. Үй-жайды желдету, қызметкерлер мен қонақтардың орындарын вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, ылғалды жинау және дезинфекциялау.

31.Желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету:

1) желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, объектілердің ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізу;

2) көрермендер залына арналған ішке сору-сыртқа тарату желдеткішінің бөлек жүйелері;

3) сыртқа тарату шахталары арқылы залдарға сыртқы ауаның ұйымдастырылмаған түсуін болдырмау;

4) сору камералары мен желдету жүйесі қондырғыларына дезинфекция жүргізу;

5) желдеткіш жүйесі жабдықтарының қызметтік үй-жайларына бөгде адамдардың кіруін шектеу.

32.Едендегі тиісті таңбалар, сондай-ақ ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін қоршаулар мен тосқауыл таспалардан жасалған ирек белгілер.

  1. Залдарға дезинфекция жүргізуге (таяныштарды, есік тұтқаларын, кресло шынтақ сүйеніштерін сүрту) 15 минут желдетуді қоса алғанда сеанстар арасында кемінде 30 минут үзілісті сақтау.
  2. Келушілерге объекті әкімшілігіне тиесілі қандай да бір мүкәммалды беруге алдын ала дезинфекция (оның ішінде жеке қорғаныш пленкасына буып-түю) жүзеге асырылған және өз бетінше өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарын берген және басқалары болған жағдайда ғана жол беріледі.
  3. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен, оның ішінде тауарларды сату автоматтарының (вендингтік машиналардың) көмегімен сатуды жүзеге асыру ұсынылады.
  4. Объекті әкімшілігі қызметкерлерді бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптармен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен қамтамасыз етеді.
  5. Объекті әкімшілігі жалпы міндеттермен және өндірістік процестермен байланысты емес әртүрлі бөлімдердің және функционалдық топтардың (әкімшілер, кассирлер, бармендер, кеңсе қызметкерлері, техникалық персонал және т.б.) кинотеатр қызметкерлері арасындағы байланыстарды шектеуді қамтамасыз етеді.
  6. Жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салынады. Тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде - тамақтану бөлмесінде қабылдау керек.
  7. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

1) кассаларда, кіреберістерде, холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір залға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;

2) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

3) халыққа маскаменқызметкөрсету;

4) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау;

5) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі;

6) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау;

7) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орын, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау;

8) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналғандезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бір апталық) қоры;

9) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу;

10) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

11) жұмыс күні ішінде персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатындареспираторлық аурулар симптомдарының болуына қызметкерлерден сауал алу, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері жоқ адамдар үшін оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел жәрдемді дереу шақыру;

12) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау, келушілердің қозғалыс ағындарын бөлу, температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру;

13) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптары туралы көрермендерді хабардар ету.

 

4 -тарау. Жабық алаңдарда мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

 

  1. Кіру билеттерін сату кассалар арқылы сатуды жоққа шығармай, онлайн жүзеге асыру ұсынылады.
  2. Кіру, шығу және алаң ішіндегі адамдардың қозғалысы қауіпсіз әлеуметтік қашықтықтағы қиылыспайтын ағындармен ұйымдастырылады (залдың бір жағынан - кіру, екінші жағынан - шығу және т.б.).
  3. Еденде тиісті белгілер, сондай-ақ ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін қоршаулар мен ленталардан жасалған жолақшалар жасалады.
  4. Сырттағы қызметкерлер залдардың немесе алаңдардың алдында 50 адамға 1 қызметкер есебінен қауіпсіз қашықтықтағы кезекті үйлестіреді.
  5. Әрбір көрерменнің (келушінің) дене температурасын өлшеу жүргізіледі, алаңдарда температурасы жоғары көрермендер жіберілмейді.
  6. Алаң әкімшілігімыналарды:
  • іс-шаралар/экскурсиялардың уақытын қатаң сақтауды;
Дата публикации
08 сентября 2021